Елордада Қазақстандағы студенттер арасындағы ең ірі экологиялық бастамалардың бірі болып саналатын «ReStart» экологиялық жобасының 10-шы мерейтойлық маусымының финалы өтті. Бұл жоба тұрақты даму мен экологиялық мәдениет идеялары төңірегінде жастарды, жоғары оқу орындарын, экологиялық ұйымдарды, мемлекеттік құрылымдар мен бизнесті біріктіреді. Осыдан он жыл бұрын «3.2.1 Start!» атауымен белгілі болған жоба бүгінде […]
Қарағанды қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Зияткерлік модернизация» жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы, ақын, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазының ұлы жолы» атты мюзикл өтті. Тағылымы терең мәдени шара Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды. […]
Дүниедегі әрбір жаратылыстың, тіршіліктегі барлық жанды не жансыз заттың бұл өмірге келуінде үлкен мақсат бар. Ол көзге көрінер ұлы жаңалық ашпаса да, байқала бермейтін, біздер елемейтін бір дарынымен әлемге кішігірім болса да өзгеріс енгізуі мүмкін. Сол сияқты, Жаратқанның адам баласына берген ең үлкен сыйы — бойындағы дарыны мен қабілеті. Алайда […]
Қарағанды қаласында Қазақстан Қарулы Күштерінің ұлттық контингентінің екінші тобы құрамында қызмет атқарған, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы барлау тобының сержанты Артем Ковальчукті салтанатты түрде қарсы алды. Голан жоталарында бір жыл бойы бітімгерлік міндетін атқарған әскери қызметші туған жеріне оралып, оны асыға күткен отбасы – жары мен […]
Жыл сайын 31 мамыр күні Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл – халқымыздың басынан өткен ең ауыр кезеңдердің бірін еске алып, жазықсыз жапа шеккен миллиондаған адамның рухына тағзым ететін күн. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы бұрын-соңды болмаған қасіретті бастан өткерді. 1929–1933 жылдардағы ашаршылық […]
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қаласының Орталық саябағында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны әскери бөлімнің Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – әскери қызметшілердің балаларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық […]
Қарағанды қаласындағы Ту тұғыры алаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Отанға адал қызмет етуге ант бергендердің қатарында еліміздің әр өңірінен мерзімді әскери қызметке шақырылған 400-ге жуық жас сарбаз болды. Бір ай бойы жас жауынгерлер бастапқы әскери дайындық курсынан өтіп, […]
Бірнеше жыл бұрын оқушылар мен студенттер реферат немесе ғылыми жоба жазу үшін кітапханаға барып, түрлі дереккөздерді ақтаруға мәжбүр болатын. Ал бүгінде қажетті ақпаратты бірнеше секунд ішінде алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект құралдары пайда болды. Солардың ішіндегі ең танымалы – ChatGPT. Қазіргі таңда бұл жүйені миллиондаған адам пайдаланады. Алайда оның білім […]
Соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының саны азаймай тұр. Күні кеше Қарағанды қаласында қайғылы жағдай орын алып, студент қызды көлік қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде көше шамдарының жанбауы жүргізушінің жолды анық көруіне кедергі келтірген. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Өкінішке қарай, кейбір мәселелер тек қайғылы оқиғалардан кейін […]
Қайныкен Әлімбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры сахнасында «Жүректе қалған жарқын бейне» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Тағылымды шарада қазақ театр өнерінің дамуына зор үлес қосқан актрисаның шығармашылық жолы мен өнердегі өнегелі өмірі кеңінен насихатталды. Кеш барысында әріптестері мен өнерсүйер қауым Қайныкен Әлімбаеваның сахнадағы […]

