Қаламыздағы мәдени ошақтардың бірінде ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің кемеңгер тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – халықтың рухани мұрасы» атты шығармашылық кеш өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – Абайдың бай әдеби мұрасын насихаттау, ақын шығармалары арқылы ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақты адамгершілікке, білімге, өнерге және елжандылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық […]
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы 2026 жылдың 12-18 қыркүйегінде Түркияның мәдени астанасы – Стамбұлда “Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы” жобасын ұйымдастырады. Жоба шеңберінде түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, түркі журналистері арасында жедел ақпарат алмасу, түбі бір түркіге ортақ рухани құндылықтарды насихаттау т.б. маңызды мәселелерді талқыға салатын […]
Стамбұл: «Ұлы Жібек жолының жаңа тынысы: туризмдегі түркі бренді». Ұлы Жібек жолы Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) үшін тек тарихи мұра ғана емес, геосаяси, экономикалық және цифрлық интеграцияның басты өзегіне айналып отыр. Түркі елдері бұл көне бағытты жаңаша форматта жаңғыртуда. Экономика мен логистикада «Орта дәліз» (Middle Corridor) жобасы бар. Ұлы Жібек […]
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының 12-18 қыркүйекте Стамбұлда ұйымдастыратын «Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы» жобасы шеңберінде медиа мамандар арасында «Контент шайқасы» тақырыбында шығармашылық байқау өтеді. БАҚ өкілдері, пиаршылар мен баспасөз хатшылары бақ сынайтын байқаудың ерекшелігі: сапалы контент шеберлері анықталады. Байқауда рилз, стоиз, роликтер дайындап, сайсқа түсетін әріптестердің […]
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының 12-18 қыркүйекте Стамбұлда ұйымдастыратын «Bosphours media meeting: Стамбұл басқосуы» жобасы шеңберінде жобаға қатысушылар Мәрмәр теңізінің ортасындағы Ханзада аралдарының ең үлкені – Бүйүкадаға саяхаттайды. Жоба шеңберінде түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, түркі журналистері арасында жедел ақпарат алмасу, түбі бір түркіге ортақ рухани […]
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы «Stop Musor» экологиялық жобасы аясында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметімен бірлесіп Ақмола облысы Аршалы ауданында экологиялық акция өткізді. Аталған іс-шара республикалық «Taza Qazaqstan» акциясы мен су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға 50-ге жуық волонтер қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар Вячеслав су қоймасына іргелес аумақты, соның ішінде […]
Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды интеллект технологияларына мән беру – аса маңызды басымдық. Бұл қайталанбалы үдерістерден арылып, «ақылды сүзгі» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы инвесторларға жедел, нақты әрі тиімді қызмет көрсетіледі. ЮНКТАД болжамы бойынша, 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды. – Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. […]
Қарағандыда жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі» атты өңірлік сарапшылық форум өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, сот жүйесі мен прокуратура қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Сонымен қатар Орталық саябақта жаңа Ата Заңды қолдауға арналған жастар флешмобы ұйымдастырылды. Форум барысында қатысушылар үш […]
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтары ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл маңызды қадам ел дамуының жаңа іргелі бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, […]

