50185 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған 63 сарбазды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бір жыл бойы әскери дайындықтан өтіп, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірген жас жауынгерлер енді туған өлкелеріне — Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларына оралады. Салтанатты жиында әскери бөлім басшылығы сарбаздарға алғыс айтып, ел қауіпсіздігі жолындағы адал […]

Халықаралық мейіргерлер күні – адам жанына араша болып, науқасқа үміт сыйлайтын ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – әскери медицина саласында аянбай қызмет етіп жүрген мейіргерлердің де кәсіби мерейі. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан мекемелердің бірі – Қарағанды гарнизонының әскери лазареті. Бұл – Қазақстан […]

Қарағанды облысы әкімі тұрғындармен кездесу өткізіп, аула аумақтарын көркейту, жеделсатылардың техникалық жағдайы, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің жұмысына қатысты мәселелерді талқылады. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Жиынға мемлекеттік мекемелер мен салалық басқармалардың өкілдері де қатысып, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді. Өтініштердің негізгі бөлігі […]

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жанынан құрылған «Томирис» қобызшылар ансамблі Қарағанды қаласында өнер көрсетіп, ұлттық музыканың сырлы әуенін көрерменге тарту етті. Алматы қаласынан келген өнер ұжымы концерт барысында қазақтың дәстүрлі күйлері мен заманауи шығармаларын орындап, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Кеште көрермендер қазақтың дәстүрлі күйлерімен бірге заманауи бағыттағы шығармаларды да тамашалады. […]

Қазақ халқының көрнекті ағартушысы әрі педагогі Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында республикалық деңгейдегі ғылыми-теориялық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері ағартушының рухани мұрасы мен қазақ білім беру саласына қосқан үлесін кеңінен талқылады. Дөңгелек үстелге ғалымдар, оқытушылар және студенттер […]

Қарағанды қаласында ұстаз Ольга Тим ұзақ жылдар бойы мемлекеттік тілді оқыту ісімен айналысып келеді. 20 жылдан астам тәжірибесі бар педагог өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін үйретіп, оны кеңінен насихаттауға үлес қосып жүр. Оның еңбегі өңірде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға бағытталған. Ольга Тим Осакаров ауданына қарасты қазақ ауылында дүниеге келіп, сол […]

 Visit Karaganda — Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамытуға бағытталған ұйым. Өңір табиғи байлықтарымен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен және индустриялық мұрасымен ерекшеленеді, бұл туризмнің түрлі бағыттарын дамытуға кең мүмкіндік береді. Орталықтың негізгі мақсаты — ішкі және келу туризмін жандандыру, туристер ағынын арттыру және Қарағанды облысын тартымды туристік бағыт ретінде насихаттау. Мемлекет басшысы жариялаған […]

Отан — әрбір адамның жүрегіне жақын ең қастерлі ұғым. Оны қорғау тек ер азаматтардың ғана емес, елін сүйген әрбір жанның парызы. Бүгінгі бейбіт күннің бағасы да, елдің тыныштығы да осы жауапкершілікті жүрекпен сезінген жандардың еңбегімен өлшенеді. Солардың қатарында нәзік жандылардың да орны ерекше. Алмагүл Кенжеғазықызы Байдаулетова 1991 жылы 31 желтоқсанда […]

Қарағанды облысында экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынды. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтардың қоршаған ортаға, әсіресе ауа сапасына кері әсер ететіні белгілі болды. Экологиялық тексеріс нәтижесінде өңірдегі екі кәсіпорынның талаптарды бұзғаны анықталды. Соның бірі – «Карцемент» компаниясы, онда шаң мен газ қоспалары бар тазартылмаған шығарындылардың ауаға таралғаны […]

Майқұдықтағы «Оптимист» саяжай алқабында ауыз судың жайылуы салдарынан шамамен 60 саяжай ауласы зардап шекті, сондай-ақ төрт көшенің жол жабыны бұзылған. Тұрғындар жер телімдерінен айырылып қалудан және үйлеріне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдап отыр. «Қарағанды Су» компаниясына қарасты №4 су құбырының жарылуы салдарынан саяжай аумағын су басқан. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе […]