“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол – келешекте оның өміріне апат әкеледі”. Әл-Фараби. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 19 қаңтар №1084 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылған күні. Осы сәттен бастап, Қарулы […]

Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласында оқытудың заманауи және тиімді әдістерін талап ететін міндеттер тұр. Технологияның қарқынды дамуы мен саладағы қарқынды өзгерістер жағдайында тек теориялық ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік өзекті болып отыр. Тәжірибеге бағытталған оқыту технологиялары – оқытудың тиімдірек болуына және саланың бәсекеге қабілеттілігін […]

Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды! Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, […]

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 2023 жылдың 22-23 шілдесінде өткен І Халықаралық медиа және туризм форумында Қазақстанның бастамасымен,  Қазақстан, Британия, Германия журналистері Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығын құрды. Қонаев қаласы Алматы облысы (22 шілде, 2023 ж.) – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ бастамасымен, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 21-22 шілде аралығында өткен […]

Бүгін І Халықаралық туризм және медиа форумының 2-күні. Кеше әлемнің 15 елінен, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық журналист Алматы облысындағы Көлсай көлдері және Шарын шатқалына пресс-турға барды. Ал бүгін облыстық әкімдіктің қабырғасында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында семинар-тренинг басталды. Шараға қатысу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі […]

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында «Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың  арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азия дауысы»  фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар,демеушілер тарапынан көптеген  түрлі ойындармен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалысорындары және еңбастысы – әсем […]

Эссе Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл […]

Эссе Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»,-деген Ахмет Байтұрсынұлының қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. […]

       Мағауия  Әлімханұлы Ермеков профессор геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Ұлттық Академиясының Академигі. Көмір кен орындарының газдылық саласындағы үлкен маман иесі, табиғаттың күрделі құбылыстарын модельдеудегі және компьютерлік технологияны пайдалана отырып, оларды оңтайландыру мақсатымен технологиялық үрдістердің жаңаша негізін салушы.       Мағауия Әлімханұлы 1950 жылы Алматы тау – […]

Қазақстанда геологтар күні – жыл сайын Республика Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен сәуірдің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.  Бұл күн еліміздің бүкіл геология саласы үшін маңызды оқиға, оның тарихы мен дәстүрлері назар аударуға тұрарлық. Мереке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 31 наурыздағы Жарлығымен кеңестік геологтардың еліміздің минералдық-шикізат базасын […]