Қазыналы қариялар қартайғанда кімге керек

 «Жас жүрген жер — мереке

              Қарт жүрген жер — береке»

(мақал)

«Егер сенің үйіңде қария болса, онда сенің үйіңде мол қазына бар»,-деп Омар Хайям айтқандай Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар»,-деп бекер айтылмаса керек.

Халқымыз қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Осы орайда «Бірінші Қарағанды» телеарнасында іс-тәжірибеден өтіп жүрген Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (қарттар үйі) барып қайттық. 

Кездесу барысында қарттар үйінің басшысы Ерлан Амангелдіұлы Жаукумовпен сұқбаттаса отырып, келесідей сұрақтарға жауап алдық:

Ұлттық статистикаға сүйенетін болсақ, Қарағанды облысы қарттар үйінің көптігі бойынша 2 орында (2022 жылғы санақ бойынша) тұр екен. Қарттар үйінің көбеюінің басты себебі неде деп ойлайсыз?

Қарағанды облысында мемлекетке қарасты жалпы 4 қарттар үйі бар. Абай қаласында, Шахан кентінде, Пришахтинск кентінде, Қарағанды қаласының өзінде, яғни орталықта (Н.Назарбаев көшесінде) орналасқан. Біздің мекемеге 2022 жылы 89, 2023 жылы 30 қария келіп түсті.

Нақты себебін білмеймін, әр түрлі жағдайлар әсер етер. Алайда кейбір зерттеулерлерге сүйенсек, қарттардың көпшілігі мұнда балалары шет елге кеткендіктен келіп жатады. 

Қарттар үйінде қарияларға қаншалықты жағдай жасалған? 

Күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен толыққанды қамтылған ба? (мысалы: тұрмыстық заттар, газет-журнал, кітап, телевизор т.б.) 

– Бізге 63-тен асқан адамдар келеді. Сондай-ақ қарттармен қатар 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер де тұрады. Оларға мұнда толықтай жағдай қарастырылған. Қажетті жиһаз, газет-журналдар, демалатын бөлме бар, бос уақыттарында дойбы-шахмат ойнайды. Әр түрлі мекемелерден немесе мектептерден оқушылар келіп, мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырады. Балық аулауға, концерттерге жиі барып тұрады.

Олардың жеке өзінің сүйікті істерімен айналысуына мүмкіндік бола ма? (Мысалы: өзінің сүйікті тамағын дайындау, киім тоқу, қолөнермен айналысу сияқты).

Иә қажетті мүмкіндік бар. 2017 жылы 3 қабатта қарттарға қосымша ас бөлмесі ашылды, қарттарымыз сүйікті тағамдарын жасайды, кешке кез-келген уақытта тәттілер, бәліштер пісіреді. 

Таңертең белгілі мерзімде тұрып, кешке белгілі мерзімде жатуға, тамақ ішуге, телевизор көруге арнайы уақыт қарастырылған ба?

– Жоқ, таңертең 09:00 – таңғы ас, 13:00-14:00 – түскі ас, 16:00-17:00 – кешке таманғы ас және 18:00-19:00 кешкі ас ішеді.

Киімдері, төсек-орны қанша күнде ауыстырылады? 

Кірлеуіне байланысты міндетті түрде ауыстырылып отырады.  Көптеген қарттар есін біледі, аптасына 1 рет төсек орындары тазартылып, ауыстырылып отырады.

Үкіметтен ақша бөлінген қаржы қарттар үйінің қажетін өтеуге толық жете ме ?

– Әрине, 100 пайыз жетеді, 

Әлеуметтік орталықта қариялар саны қанша?

Жалпы қариялардың саны-102. Арасында 1-ші, 2-ші топ мүгедектері де бар. 72-сі қария, қалған 30-ы мүмкіндігі шектеулі жандар.

Қай ұлттың өкілдері көбірек тұрады?

-орыс ұлты көп, 17-сі қазақ ұлтынан.

Көпшілігінің бала-шағасы бар ма?

Балалары ата-анасының қал-жағдайын білуге тырыса ма? Хабарласып, келіп тұратындар бар ма?

– Әрине бар, балалары жылына 1 рет шетелден келіп тұрады, пайыздық мөлшерде 30-40 пайызы балалары бар.

Мемлекет бюджетінен бөлек осы мекемеге жеке қол ұшын беріп, көмек көрсететіндер бар ма?

–  Бар, көп емес. Құрбан айт мерекесінде, қарттар күнінде сыйлықтарын әкеліп береді, Назарбаев мектебінен тәттілер, бауырсақ әкеліп қана қоймай, кішігірім тәтті шай ұйымдастырып кетеді.

Бірінші сұқбат жүргізген қартымыз-Жумат Буламбаев 

Туған жылы: 05.04.1957ж.

Зейнеткер.

Осы мекемеге түскен уақыты: 30.01.2023ж.

Атамызбен сұқбаттың қысқалығына қарамастан қажетті сұрақтарымызға жауап ала алдық. Атамыздың берген жауабы бойынша жағдайы жақсы, ешқандай ауру белгілері жоқ. Жақында 67-ге толады екен. Туған жері – Бұқар жырау ауданы. Қазіргі таңда жұбайы бар және ол кісінің айтуынша, мекеме директоры некеге отыруына, ол кісімен бірге болуына өз көмегін көрсеткен.  

Қандай мәселе толғандырады? – деп сұрағанда:

– Айтарлықтай мәселе жоқ,-деді және ол кісінің қызығушылықтары: тарих, саясат тақырыбында екен. Көлік жүргізушісі болып жұмыс атқарғанын және атамыздың балалары, өсіп-жетілген немерелері бар екенін айтты. 

Сұхбатымыздың соңында; болашақ жастарға қандай кеңес бересіз?,- деп сұрадық. Қария: 

– Болашақ жастардың қолында. Оған қоса елге өз пайдаларыңды тигізсеңдер, біздер үшін сол зор бақыт, – деп өз пікірін аяқтады.

Сапар барысында тағы бір қариямен сұқбаттастық: 

Надежда Васильевна Бессонова

Туған жылы: 23.05.1938ж

Мекемеге келген уақыты: 07.08.2015ж

Зейнеткер. 

Бұл әже орыс ұлтының өкілі болғандықтан, сұқбатымыз орыс тілінде өрбіді:

1) Как вы? Как ваше здоровье? На данный момент сколько вам лет? Откуда вы родом?

2)Вы очень молодо выглядите на свой возраст? В чем секрет? Смотря на вас думаю что у вас добрая душа.

3)Что сейчас вас интересуют?

4)Вы много чего повидали в жизни, что для вас означает жизнь? Как вы понимаете смысл жизни?

5)На данный момент чем вы хотели бы заниматься здесь или уже занимаетесь?

6)вы тоже были молоды, каким специалистом вы мечтали стать в нашем возрасте, и осуществили ли вы эту мечту?

7) Своем времени вы много работали, ваша прошлая жизнь для нас мораль, вы многого повидали, какой совет вы дали бы   сегодняшней молодежи?

Қариямыз сұқбатқа еш қысылмай жауап берді. Әр түрлі салада жалпы 59 жылдай жұмыс істеген екен. Әжейдің айтуынша, денсаулығы орташа. Газет-журнал, кітап оқығанды ұнатады. Көп оқиды. Мәскеуде жолықтырған жолдасы өмірін түбегейлі өзгертеді. Өзі құрылыс саласында жұмыс атқарған. Бізге барынша ашылып, өмірінің қызықты оқиғаларын баяндап берді. Болашақ жастарға не ақыл-кеңес бересіз?,-дегенде біраз ойланып, Ата-анамызды сыйлауды және денсаулық пен білімнің маңызды екенін ескертті. Ол жауап бізге ерекше әсер етті. Сондай-ақ осы мекеме қызметкерлеріне алғысын айтып, қуанышты кездерін еске алды. Сочи қаласына жолдама алғанын өте керемет эмоциямен жеткізді. Сұқбатымызды да ол кісіге шынайы тілекпен, алғыспен аяқтадық. 

Біздің қарттар үйіне баруымыз, олар үшін күтпеген қуаныш болды. Егде жастағы адамдарда қарттар үйінде қанша жерден жақсы жағдай жасалғанымен отбасылық құндылықтарды қажетсінетінін, әңгімелескенде сөз саптасынан, сырттан келген адамға қараған жаутаңдаған жанарларынан сезіндік. Жалғыздықтың себептері әртүрлі болғанымен, олардың бәрі бірдей – түсіністік, қамқорлық және адамдардың жан жылуын қалайды. Осындай қайырымды іспен айналысып жүрген ізгі жандардың бәріне алғысымыз шексіз!

Айгерім Ержановна Рахымбаева 
Мөлдір Нұрланқызы Нышанбекова 
Күнсұлу Серік 

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Филология факультетінің 3-курс студенттері 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

М.Ә. ЕРМЕКОВТІҢ  ҚАРАҒАНДЫ КӨМІР БАССЕЙІНІНІҢ МЕТАН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

Сен Мау 10 , 2023
Оқылды: 1  879        Мағауия  Әлімханұлы Ермеков профессор геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Ұлттық Академиясының Академигі. Көмір кен орындарының газдылық саласындағы үлкен маман иесі, табиғаттың күрделі құбылыстарын модельдеудегі және компьютерлік технологияны пайдалана отырып, оларды оңтайландыру мақсатымен технологиялық үрдістердің жаңаша негізін салушы.       Мағауия Әлімханұлы 1950 жылы Алматы […]