Ғимараттардағы «жасыл» технологиялар: KazGBC пен серіктестері Астанада күн энергетикасы жəне электромобильділік бойынша пилоттық жобаларды іске қосуда Астана, Қазақстан Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) технологиялық серіктестерімен бірге елордадағы жылжымайтын мүлік нысандарына арналған екі бірегей байқаудың басталғанын жариялады.

Астанада байқаудың ресми ашылуы өтті. Іс-шараға елорданың ірі құрылыс салушылары, ғимарат иелері, девелоперлер жəне басқарушы компаниялардың өкілдері жиналды. Байқауды ұйымдастырушылар сұрақ-жауап сессиясын өткізіп, жобаларды таныстырды, сондай-ақ өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Александр Белый, Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің (KazGBC) директоры: «Бүгінгі кездесу ғимараттардағы “жасыл” технологияларды “қалаулы” санаттан нақты енгізілетін, өлшенетін жəне таратылатын шешімдер санатына көшірудің алғашқы практикалық қадамы. Біз күн панельдері немесе электрозарядтау инфрақұрылымы сияқты шешімдерді нақты нысандарда дұрыс жобалауға, келісуге жəне кейіннен отандық OMIR жүйесінің логикасы шеңберінде растауға болатынын көрсеткіміз келеді».
Айбат Машенов, «Smart Energy System» ЖШС директоры («күн энергиясы» жобасының серіктесі): «Пилоттық жобаларды іске қосуға қатысу біздің компания үшін үлкен мəртебе. Ғимараттарға арналған күн энергетикасы — бүгіннің өзінде қолдануға болатын нақты құрал екеніне сенімдіміз. Сəтті шыққан бір ғана пилоттық жоба ондаған дерексіз талқылаулардан əлдеқайда тиімді. Ол сенім ұялатады, технологияның жұмыс істейтінін көрсетеді жəне келесі кезеңге жобаны кеңінен таратуға жол ашады».
Руслан Дюсенов, жоба жетекшісі жəне «Adele Energy Qazaqstan» ЖШС құрылтайшысы («OMIR E-Mobility» жобасының серіктесі): «Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту бұл тек тар технологиялық тақырып емес, тұрақты қалалық орта мен заманауи жылжымайтын мүліктің маңызды элементтерінің бірі. Бұл пилоттық жоба нарыққа қауіпсіз қосылу мен пайдалану ережелерінен бастап, сервистік модельге, есепке алу мен биллингке дейінгі кешенді шешімді көруге мүмкіндік береді. Егер Қазақстанда электромобильдер үлесінің артқанын қаласақ, онда сапалы, түсінікті əрі сенімді зарядтау нүктелері де көбеюі тиіс».

Астана жылжымайтын мүлігіне арналған пилоттық байқаулар туралы:
1. «Шатырдағы күн, үйге арналған энергия» жобасы («Smart Energy System» ЖШС серіктесі): ғимараттардың шатырына демеуші мен ғимарат иесінің ішінара қосалқы қаржыландыруы есебінен шағын күн фотоэлектрлік станцияларын орнатуды көздейді. Бұл нысанның жалпы үй мұқтаждықтарын өтеуге, коммуналдық шығындарды азайтуға жəне жалпы энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2. «OMIR E-Mobility» жобасы («Adele Energy Qazaqstan» ЖШС серіктесі): электр көлігіне арналған кешенді зарядтау инфрақұрылымын құруға бағытталған. Станцияларды орнату жылжымайтын мүліктің инвестициялық тартымдылығын арттырады, тұрғындар үшін жаңа сервис түрін қалыптастырады жəне инфрақұрылымды электромобиль нарығының болашақтағы өсіміне дайындайды. Жобаны қаржыландыру толықтай демеуші есебінен жүзеге асырылады. Байқауға қатысуға Астана қаласының құрылыс салушылары, девелоперлері, басқарушы компаниялары, мүлік меншік иелерінің бірлестіктері (ММИБ/ОСИ) жəне жылжымайтын мүлік иелері шақырылады. Жеңімпаздар барлық кезеңде: аудит пен жобалаудан бастап монтаждауға, іске қосу-баптау жұмыстарына жəне жабдықтарға кейіннен техникалық қызмет көрсетуге дейін толық сүйемелдеуге ие болады.

Ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: Жания Саимбетова (KazGBC): +7 (702) 308-47-00, pr@kazgbc.kz Руслан Дюсенов (Adele Energy Qazaqstan): +7 (777) 001-13-50 Айбат Машенов (Smart Energy Systems): +7 (775) 040-60-01
Ұйымдастырушылар туралы: Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) Қазақстанда тұрақты жəне «жасыл» құрылыс принциптерін ілгерілететін бейндік коммерциялық емес ұйым. KazGBC ғимараттарды экологиялық бағалаудың ұлттық OMIR жүйесінің операторы болып табылады жəне энергия тиімділігі, экологиялық сертификаттау, ғимараттарды тұрақты пайдалану жəне құрылыс секторына инновациялық тəсілдерді енгізу саласындағы практикалық шешімдерді дамытумен айналысады.
«Adele Energy Qazaqstan» ЖШС – Қазақстан қалаларында электромобильдерге арналған қолжетімді инфрақұрылымды ілгерілету бойынша серіктестік орнатқан компания. Жоба мен меморандум аясында компания электромобиль инфрақұрылымына арналған заманауи шешімдерді, соның ішінде зарядтау станцияларын, энергия тұтынуды есепке алу жəне цифрландыру жүйелерін дамытуға, сондай-ақ оларды тұрақты дамуға бағытталған құрылыс жобалары мен нысандарында қолданудың практикалық тəсілдерін əзірлеуге қатысады. «SMART ENERGY SYSTEMS» ЖШС- жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жəне энергия тиімді технологиялар саласында заманауи шешімдерді əзірлеуге, жобалауға жəне енгізуге мамандандырылған қазақстандық инжинирингтік-технологиялық компания.


