Қарағанды ​​өңірлік гарнизоны, Әскери полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №30 мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әскери қызметкерлермен профилактикалық жұмыстар жүргізді. 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен барынша қауіпсіз түзеу мекемесін аралаған мамандар, жазасын өтеушілердің қателіктері сабақ болса екен дейді. Сонымен […]

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің әскери кафедрасында толық оқу курсын аяқтаған студенттер бір ай бойы оқу-жаттығу жиындары өткізіп жатыр. Спасск оқу-жаттығу орталығының оқу-жаттығу полигонында 500-ден астам студент атыс қаруы мен әскери техникамен оқ ату бойынша практикалық жаттығуларды орындауда, сонымен қатар жауынгерлік машиналарды басқару нормативтерінде тапсырады. – Әскери кафедрада екі […]

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары тағы да толыға түсті. Қарағанды гарнизоны, Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Қазақ халқы ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде, қастерлі Отан-Ананы қорғау – ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенін жас сарбаздар да жақсы […]

6 маусымда Австрияның Вена қаласында өтіп жатқан Cleantech Days 2024 жаһандық форумы аясында жасыл жобалар байқауы өтті, онда қазақстандық «Ozen -M» стартапы әлемнің 22 командасы арасында 2-ші орынға ие болды. Қазақстаннан ұсынылған екінші жоба Re-Compo ТОП-6 финалистер тізіміне енді. Ozen-M – нақты уақыт режимінде өзендер мен көлдердің жағдайын бақылауға арналған […]

Әскерге шақыртылушы – айтишниктер әскерде бір жыл қызмет етудің орнына 42 күн ішінде әскери – техникалық мектепте балама қызмет өткере алады. Мұндай жобаны Қорғаныс министрлігі енгізуде. Программист -курсанттарды Қарағанды әскери – техникалық мектебі қабылдай ала ма, жоқ па? Бұл туралы министрдің орынбасары біздің қалаға сапары барысында анықтады. Бұл Қорғаныс министрінің […]

Жыл сайын 21-27 мамыр күндері түрік асханасына арналып, апта бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Түркияда Эмине ЕРДОҒАН ханымның демеушілігімен ұйымдастырылған іс-шаралардан басқа, Астанада Түркия Республикасының Астанадағы Елшілігінің шақыруымен түрік асханасының тамаша үлгілері мен Эгей аймағының тағамдары таныстырылып ұсынылды. Мерекелік іс-шара аясында Астанадағы шетелдік миссия өкілдері, кәсіпкерлері мен белгілі қайраткерлері қатысты. Түркияның […]

24 мамырда Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінде Түрік асханасының күндері аясында Еге аймағына арналған дегустация өтті. Шараға Алматы қаласының Түркиядағы бас консулы қатысты. Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жары Емине ханымның бастамасымен 21-27 мамыр аралығында Түрік асханасының күндерін жыл сайын халықаралық деңгейде атап өту үрдіске айналған. Бастама “Sıfır atık” […]

Отан қорғау азаматтық парыз. Әскерге шақыру науқаны аясында болашақ сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті. Бір жылдық үлкен өмір мектебіне аттанған әр жігіттің бойында қуат, жүрегінде жігер барын байқадық. Қарағанды гарнизонына қарасты, 50185 әскери бөлімінің сарбаздары әскери бөлімімен, аға буын әскерилермен қоштасты. Мерзімді қызметтің 56 сарбазы үйлеріне аман-есен оралады. […]

 Қаламыздағы Талғат Бигелдинов атындағы Жас ұлан Республикалық мектебінің базасында, «Айбын – 2024» республикалық жастар жиыны өтті. Шараға қатысып, Қарағанды облысының абыройын қорғауға ат салысқан, оқушылар кезең-кезең бойынша сынға түсті. Қарағанды қаласындағы екі мәрте кеңес одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы республикалық Жас ұлан әскери мектебінің базасында «Айбын – 2024» республикалық жастар […]

Майқұдықтағы мәдениет үйінде, Алихан Бөкейхан атындағы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатқан болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу жиыны өтті.  Шараға интернационалист-жауынгерлер, Қарағанды қаласының жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері, «Жас сарбаз» ұйымының оқушылары, 31775 әскери бөлімінің қызметкерлері шақырылған.  Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі […]