«Жас ұлан» мектебінің «Үздік педагог-2023» байқауы

ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің ұстаздары арасында биыл, тұңғыш рет «Үздік педагог-2023» байқауы бастау алды. Үздік ұстаз атанып, оқушы жүрегінен орын тапқан мамандар үш тілде бақ сынады.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім». ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінде биыл алғаш рет «Үздік педагог-2023» байқауы ұйымдастырылды. Ұстаз болу – бұл әркімнің қолынан келе бермейтін мамандық. Үш тілде еркін сөйлеп, өзара бақ сынаған өз ісінің жауапты мамандары, бірінші тапсырма аясында шығармашылық әлеуеттерін көрсеткен. Конкурстың екінші кезеңінде «Ашық микрофон» яғни мұғалімдерге шығармашылық тапсырма ұсынылып, шараға қатысушылардың сөз сөйлеуі назарға алынған. Мұнан бөлек, ұстаздардың авторлық әзірлемесінің тұсаукесерін, ұйымдастыру комитеті анықтаған. Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жақсылық – мұғалімнен» біздерге қазіргі таңда үлкен жауапкершілік артылып отыр деген Бердігүл Дәулетханқызы, өз ойымен бөлісті.

«-Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені, ол үздіктердің ішіндегі үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Өзім тарих пәнінің мұғалімімін. 6-жыл қызмет етіп келемін. Байқау жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға көрсетілген құрмет болады деп сенемін. «Үздік педагог» байқауы аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі» – Бердігүл ДӘУЛЕТХАН.
ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде ұйымдастырылған «Үздік педагог» конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында қолға алынған. Байқау қорытындысы бойынша, 13-жылдық еңбек өтілі бар, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Жұмабайқызы Байкенова бірінші орынға лайықты деп танылған. Екінші орынға 6-жылдық еңбек өтілімен, тарих пәнінің мұғалімі Бердігүл Дәулетхан жайғасса. Үшінші орынға 27-жылдық еңбек өтілі бар, педагог-сарапшы Шаймұратқызы Қанат Балабаева ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Мен көрген даңқты партизан

Дүй Сәу 24 , 2023
Оқылды: 482 Ұлы Отан соғысына қатысушы, партизан, жазушы, Халық Қаһарманы                                                                   Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл! Ұмытпасам, 1977 жылдың жазы болатын. Мектептің екінші сыныбын тәмамдаған кезім еді. Біз өскен алыс шалғайдағы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Сарытерек ауылына сонау алыс Алматы қаласынан Ұлы Отан соғысына қатысушы партизан Қасым Қайсенов келді. […]