Қарағанды қаласының тұрғыны Әділет Жағыпар Facebook әлеуметтік желісінде қаңғыбас иттердің інісін қауып алғанын және үнемі халыққа қауіп төндіретінін жазған. Сондай-ақ осы сайтқа да шығаруын өтінген.

Айтуынша, әулеттің немересі, 10 жасар бауыры өз үйі Әлихан Бөкейхан ауданы Чапаев көшесі 176-шы үйден шыққанында, бұралқы иттер қауып алған.
– Қайта сол жерден өтіп бара жатқан бір адам құтқармаса, толып жүрген қаңғыбас иттер бауырымды не істейтіні ойлауға да қорқынышты.
Содан жеңгем жедел жәрдем шақырып, Қарлығаш аялдамасындағы 1-ауруханаға алып барып, ем-домын жасап, полицияға шағымданған.
Оған дейін сол Чапаев көшесіндегі 176-үйдің тұрғыны осы бұралқы хайуанға қандайда бір шара қолдануын өтініп, Қарағанды Қалалық Ветеринариялық Инспекциясына арыз түсіргенде:
– Ит қауып алғанда, заң аясында шара қолданамыз,-деп жауап беріпті.
Әлеуметтік желіде, ақпарат құрплдарында Қарағанды қаласындағы кезбе төртаяқтылаодың адамдарға қауіп төндіретіні жайлы бұған дейін де бірнеше рет жарияланған.
Қала тұрғыны қауіпті хайуандардың адамдарға тағы да шабуыл жасауы мүмкін екендігіне алаңдап отыр.
Екінші видеода көп иттің шулап, үргені және баланың айқайлап, жылаған даусы алыстан естіледі.
Қарағанды облысының ветеринария басқармасына осы мәселе жайлы сұраныс жібергенімізде, басқарманың ТЖ туындаған кезде іс – шараларды ұйымдастыру, мемлекттік қызметті көрсету, ветеринариялық есептілікті қалыптастыру бөлімінің басшысы Ерлік Макашев:
– Көрсетілген мекенжай бойынша ветеринарлық станцияның мамандары жіберіледі және аталған аумаққа шолу жасалады. Қаңғыбас иттерді аулау «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қаңғыбас жануарларды ұстау, бірдейлендіру, вакцинациялау және стерилизациялау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін әлеуетті қызмет көрсетушіні анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдері өткізіліп жатыр. Қаңғыбас иттердің санын реттеу жұмыстары қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасалғаннан кейін жалғасады,-деп жауап берді.


