“ШЕВРОН” ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫТАЙ ДӘРІГЕРЛЕРІН ӘКЕЛДІ

http://aimaq09.kz/  өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Қазақстанға Қытай дәрігерлері келді. Еліміздегі COVID-19 вирусымен күресуге көмектесіп, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Арнайы делегация құрамында ҚХР Қазақ автономдық аймағы Іле губернаторының орынбасары, сондай-ақ, интенсивті терапия, инфекциялық бақылау, пульманология, қоғамдық денсаулық, нефрология сияқты әртүрлі сала дәрігерлері, аталған вируспен күресте тәжірибе жинақтаған медбикелер бар.


Тағы бір жағымды жаңалық: дәрігелерлермен бірге дәрі-дрмек, медициналық заттар мен техникасы бар жалпы көлемі 5,5 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жетті.
Мұндай бастаманы іске асыруға Қазақстан президенті Қ.Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы екіжақты келісім себеп болған. Жобаға «Шеврон» компаниясының Колумбия университетінің ICAP қоғамдық денсаулық сақтау мектебімен (АҚШ) бірлесе отырып, жедел түрде қолдау көрсетілді.

Қытай делегациясы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында 15 күн болады. Бағдарлама шеңберінде аталған үш қаладағы көпсалалы ауруханалар мен емханаларда қауіпсіздік шараларын сақтау жолдары, әртүрлі саладағы дәрігерлерге онлайн тренингтер, барлық облыс, аудан, аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларында жұмыс істейтін қызметкерлермен қытай дәрігерлердің кездесуі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларындағы Медицина университеттері студенттерімен кездесу, баспасөз мәслихаттарына қатысу т.б. шаралар жоспарланған.
Барлық кездесулерде қытай дәрігерлер COVID-19 вирусымен күрес және алдын алу, сақтану жолдарымен бөліседі, ауруды жұқтырғандарды анықтау және олардың жақындарын оқшаулау, емдеу мен дәрігерлеің кеңес беру тәсілдері, медицина қызметкерлерінің вирусты жұқтырудан сақтау жолдары жайлы тәжірибесімен бөліседі. Мұның бәрі еліміздегі вируспен күресті жақсартатынына және індетті тоқтатуға оң әсер ететіні сөзсіз.

Нәзия Жоямерген. «Түркі тілдес журналистер қоры» президенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Төлемақыны үйде отырып алыңыз

Жек Сәу 12 , 2020
Оқылды: 1  153   http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Банкте ұзын-сонар кезекте тұру өткен күннің еншісінде қалды. Қазір кез келген қазақстандық банк бөлімшесіне бармай-ақ, Halyk Bank клиенті бола алады. Смартфон арқылы үйде отырып- ақ, банктен есепшот ашсаңыз болды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында картаны үйге дейін жеткізу қызметін пайдалануға, сонымен […]