Жеке құрам жаңа сарбаздармен толықты

Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың жеке құрамы жаңа келген сарбаздармен толықты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген сарбаздар бір ай мерзімнен кейін салтанатты түрде ант беріп, заңды түрде қатардағы жауынгерлер сапына қабылданады.

31775 әскери бөліміне Павлодар облысынан келген 29 сарбаз бір бөлімге жиналды. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге келген азаматтарға, командирлер әскерде төзімді, бұйрыққа жауапты, әріптестеріне адал болып, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетіндерін жеткізді.
 Отан қорғау әр сарбаздың қасиетті борышы екенін жақсы ұғынған ұландар, Қазақстан азаматы деген атқа лайық болуға тырысатын болады. Алда олар бір айға жуық уақыт жауынгерлік даярлық курсынан өтеді.
Қарағанды қаласындағы осы әскери бөлімге өз еркіммен келдім. Казармада барлық жағдай жасалған. Отан алдындағы борышымды адал атқарып, елге қызмет етемін, – деді қатардағы жауынгер Әділет Бидахметов.
Жас жігіттерде Отан қорғауға деген үміт пен жауапкершілік басым. Олар ҚР Қарулы Күштер қатарына ене отырып, ақтық демі қалғанша еліне қорған болуға салтанатты түрде ант беруге дайын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тарихи танымға негізделген кеш

Сәр Мам 19 , 2021
Оқылды: 740   Бүгін халықаралық музей күні. Осыған орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде ашық есік күні өтті. Бұл шараға қатысқан әскери саланың мамандары, тарихтан сыр тарқатқан туындыларды тамашалап, мерекелік кешке қатысты. Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері «Музей күнін» атап өтті. Халықаралық музей […]