Әскери бронды машина сынақтан өтті

Қазақстандық әскери қызметшілер шетелдік бронды машиналарды сынақтан өткізіп жатыр.

Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық нарығын зерттеу аясында қазақстандық сарапшылар ARMA-8×8 түрік бронды машинасының мүмкіндіктерін бағалады. Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында NEFER жауынгерлік үлгідегі ARMA-8×8 брондалған дөңгелекті машинаның мүмкіндігі көрсетілді. Көліктің жауынгерлік мүмкіндіктері мен борттағы қару-жарағы тәуліктің түрлі мезгілінде сынақтан өткізілді. Өндірушінің мәліметіне сүйенсек, бұл NEFER (7,62 мм қосарланған оқшашармен 30 мм 2А42 автоматты зеңбірегі) әскери машинасын Қазақстан әскері пайдалану үшін арнайы әзірлеген. Ол түнгі уақытта көздеу кешені мен жылуға ден қоюшы камераны қолдана отырып, атыс жүргізеді. Бұл айқын көрініс пен мақсатты дәлдеп зақымдауды қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Халық банктің зертханасы ашылды

Жұм Ақп 26 , 2021
Оқылды: 1  227 Halyk Bank пен ХАТУ IT-мамандарды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (“ХАТУ” АҚ) Halyk Academy қоғамдық жобасы бойынша алғашқы зертхананың ресми ашылуы өтті. Бизнесті цифрландыру серпілісі Қазақстан үшін білікті мамандардың тапшылығын туғызды. Сондықтан Halyk Bank және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (“ХАТУ” АҚ) Орталық Азияның ірі банкінің […]