Әр адамның өмір сатысымен өсер жолында кішкене және үлкен жеңістер болуы қажет. Солардың арқасында маңызды бір нәтижеге қолы жетуі мүмкін. Яғни, үлкен арман жолында көптеген кіші армандар орындалып, кішкене жеңістерден өту керек. Халық, қоғам, мемлекеттің де өсер жолы осындай күнделікті жеңістерден тұрады.   Қазақ елінің соңғы тарихына қарасақ, өзінің тағдырын […]

Тарихи тұлға -Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 – жылдығына арналған көрме Қарағанды қаласына қарасты 31775 әскери бөлімінде, Орталық Қазақстан Академиясының қызметкерлерімен бірлескен, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды және  […]

Қарағанды Сұрыптау стансасындағы Теміржолшылар сарайында, қазаққа қырғын мен зарлы заман әкелген қандықол коммунистердің Октябрь ауданының орнына, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан атамыздың атымен аталар тарихи жиында отырмын. Сол Советтік кезеңде салынған сарай ішінде, келешекте өзгеретін қала, аудан, кент, көше аттарына байланысты ойлар келген еді. Қоғамдық талқылаулар – мемлекеттің ономастика органдары өткізетін […]

Жеке трактаттардың мазмұны көрсеткендей, Фарабиді әр түрлі ғылымдардың теориялық жағы, олардың философиялық мәні қызықтырды. Белгілі бір ғылыми пәннің жекелеген нақты ғылымдарын қарастыра отырып, оларға эмпирик ретінде емес, теоретик, философ ретінде қарады. Фараби өзінің грек философиясының ой-пікірін насихаттау жөніндегі қызметін екі жолмен жүзеге асырды: біріншіден, ол ежелгі грек ойшылдары мен жаратылыстанушылардың […]

Қарағанды қаласында алғаш рет «Қазақ жігіттері» күні аталып өтті. Бұл бастаманы «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы қоғамдық жобасы қолға алды. 2019 жылы осы жоба аясында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Күнтізбеде халқымыздың салты мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған барлығы 20-дан аса атаулы […]

Түркияның Конья қаласында қасиетті Мәулананың қайтыс болуына 747 жыл толуына орай, еске алу іс-шарасы өтті. Бүкіл әлемдегі ковид дертінің асқынуына байланысты салтанатты мерекеге көрермендер шақырылмады. Есесіне, Түркия Мәжіліс төрағасы Мұстафа Шентоп, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой, Коньяның губернаторы Вахдеттин Өзкан, қасиетті Мәулананың 22-ұрпағы Эсин Челеби Байри, сондай-ақ, шет […]

Зайырлылық принципі, мемлекет құрылысындағы негізгі фундаменталдық түсініктердің бірі. Яғни, мемлекет ісіне діни шариғат түсініктері бар топтарды қосарластырмау. Дін ісі бір бөлек, мемлекет басқару жүйесі бір бөлек. Әртүрлі діни түсініктегі топтардың  басқару жүйесіне кірісуіне рұқсат бермейтін зайырлы, ғылым мен білімге негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру – ұлттық мемлекеттік идеологияның іргетасы болуы […]

 «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды»  Қадыр Мырза Әли. Тіл адамның басты қарым-қатынас құралы. Қазіргі заман талабына сай көп тілді білу көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Себебі, бірнеше тілді біле отырып, сол ұлттың мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тыныс-тіршілігін жақын біле аласың. Егер қазақ баласының тілі орыс тілінде шықса, ағылшын тілінде білім […]

Түркістан – ұлттық рухымыздың жаршысы, мемлекеттілігіміздің сақталып қалуына үлес қосқан қасиетті шаһар. Бүгіндері киелі қала облыс орталығы ретінде дамудың жаңа сатысына қадам басты. Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа мен Қытайды, Орта Азия мен Ұлы даланы жалғастырып жатқан шаһардың тарих үшін қысқа ғана уақыт болып есептелетін 2 жылда жеткен жетістіктері аз […]

Топырағын түртсең, тарихы толғайтын қазақ даласының әр пұшпағы қасиетті. Кие қонған жеріміздің төрт бұрышын түгендегенде түмен бап жатқан Түркістанға төрден орын тиетіні жалпақ жұртқа мәлім. Ежелден ер түріктің бесігі саналған атақонысты бүгінде көбісі «Рухани астанамыз» дейтіні жасырын емен. Сол руханияттың шырақшысы болған шаһардың облыс орталығы атанғанына да екі жыл толыпты. […]