Афион қаласының этимологиясы- апиын

Афион-Қаракесир – туристерге таптырмас қала. Афион-Қаракесир туризмге сұранып тұрған, келген адам өкінбейтін шаһар екен. Себебі мұнда туризмнің түр-түрі дамыған. Оған табиғи байлығы, орналасқан жері толық сай келіп тұр.

Афион – апиын деген сөзден шыққан. Әлі күнге дейін аймақта апиын өсіріледі. Яғни, Афион апиынды дәрі, дәмдеуіш үшін өсіруге Түркияда рұқсат берілген үш қаланың бірі. Афионға тіркелген Қаракесір атауы қорған дегеннен шыққан. Қаланың төбесінде көне қорғанның белгілері тұр. Әрі қаланы жағалай қоршап жатқан таулар Каппадокияны да көз алдыңызға әкелгендей болады. Осы тау аңғарын жаңа заманға сай безендіріп, қонақтарға қолайлы жағдай жасаған. Оның әдемілігіне қызыққан жақын аймақтағы жұрт неке қия, ғашығына сөз салу, сүйіктісімен кездесу секілді шараларды осында өткізуді дәстүрге айналдырған. Афион мраморының көптігімен, ыстық суының емдік қасиетімен де танымал. Сондықтан бұл жерде бүгінде емдік туризм жақсы дамыған. Қайнардан шыққан суға сұраныс та жоғары. Тарихи тұлғалар көп жерленгендіктен, зиярат етушілер де баршылық.

#түркітілдесжурналистерқоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Бейшеһердегі Эшфорфоглу мешіті

Бей Мам 18 , 2023
Оқылды: 364 Бейшеһер – Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар.  Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 […]