Бейшеһердегі Эшфорфоглу мешіті

Бейшеһер – Коньяға жақын орналасқан қала.

70 мың тұрғыны бар.  Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 метр. Әрқайсысының диаметрі 40 см шамасында.  Мешіттің дәл ортасына қарға арналып терең ор қазылған. Оған қыс бойы жақын жердің қарын жинап, мешітті салқындатуға пайдаланып, тоңазытқыш ретінде  қолданған. Бейшехирдегі көлдің де маңызы зор. Ені 20 шақырым, ұзындығы 45 шақырымға созылып жатқан көл балыққа бай.

#түркітілдесжурналистерқоры

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркиедегі Мевлана музейі

Жұм Мам 19 , 2023
Оқылды: 438 Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз – Мевлана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық. Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді […]