Тәуелсіздік тәтті – ұғым

Қарағанды гарнизонына қарасты, «Астана» өңірлік қолбасшылығында16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің мәні ашылып, отаншылдық дәріптелді. Шарада «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ерболат Шерімбетов арнайы қатысып, әскери қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«– Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Тәуелсіздік күні біздің қолбасшылықта жылда, үлкен деңгейде атап өтілуде. Бұл күн –елдігімізді нығайтып, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Бұл – өткен ғасырда азаттық жолында шейіт болған Алаш арыстарының жанкешті еңбегінің жемісі. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан азаттықтың, осы бейбіт күннің қадірін білу аса маңызды. Біз бірлігімізді сақтап, ұлт мүддесі жолында еңбек етуіміз керек. Ұлттық мерекеміз – бірлігіміздің негізгі темірқазығы! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Мереке құтты болсын!» – деген Ерболат Шерімбетов әскери міндеттерін адал әрі үлгілі орындағандарға әскери кезекті шен табыстап, Қорғаныс министрінің грамотасымен марапаттады. Шара соңы мерекелік концертке ұласты. Мерекелік кеш көрермендердің көңілінен шықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбулдың әйгілі мейрамханалары мен ерекше дәмді тағамдары

Сәр Жел 20 , 2023
Оқылды: 590 Түрік асханасы Мишлен жұлдызды мейрамханалардан бастап аймақтық тағамдарға дейін бүкіл әлемге танымал. Стамбұлға аралағанда түрік асханаларының тағамдары ерекше сезіледі. Сұлу шаһарда көше тағамдары арқылы да Стамбұлды тағы бір қырынан танисыз. Таңғы астан кешкі асқа дейін… Әлемге әйгілі түрік таңғы асының басты бөлігі – симит. Классикалық симит – диаметрі […]