«Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» батыс өңірлік форумы

 «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған Қазақстанның батыс облыстарының өңірлік онлайн форумы өткізілді.


Форумды ұйымдастырушылар: Coca-Cola халықаралық қорының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ.
Форумның серіктестері: «Әлеуметтік динамика» ҚҚ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі.
Форум республика бойынша жоспарланған 4 өңірлік форумның екіншісі. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша қарашада Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы өтеді.
Форумның мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесу.
Форумның міндеті: Ауыл мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуы және өзін-өзі жұмыспен қамтуы арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыру мәселелері. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу.
Бағдарламаға сәйкес форумның модераторы-Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымының депутаты Майра Арапқызы Айсина.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі; ҚР Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары; Александра Аккирман, «Кока-Кола» компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері; сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақастан, Маңғыстау облыстарының басшылығы құттықтау сөз сөйледі.

«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлы Сүлейменов, «Соса – Cola белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектептерінің мысалында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік қолдау-практикалық, бизнес дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе алмасу туралы айтып берді. «Әлеуметтік динамика» ҚҚ директоры Елена Анатольевна Ожго Ақмола облысы мысалында «Қазақстандағы ауылдық әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін анықтау» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы туралы баяндама жасады.

«Ауылдық әйел – елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының факторы» атты панельдік сессиясында Ақтөбе облысы «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршын Алпысбайқызы Айдарханова; «Агронесие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Рахмет Октябрятұлы Жаңбыров сөз сөйледі.
«Әйелдер көзқарасы: ауылдық аумақтарды дамытудағы әйелдердің рөлі» атты форумының үшінші сессиясы облыстың экономикалық жағдайын жақсартып, жұмысқа орналасу мәселелерін шеше отырып, өз бизнесін жүргізіп жатқан әйелдердің табысқа жету тарихына арналған. Бұл бөлімде Гүлжан Ханзадақызы Сәкенова (Ақтөбе облысы); Оңай Құмарғалиқызы Арыстанова(Атырау облысы), Күміс Әбдіқызы Қосбай (Маңғыстау облысы), Қарылғаш Қасымқызы Сералиева (Батыс Қазақстан облысы), сонымен қатар «Соса-Cola белестері-2021» жеңімпазы Назгүл Хибашева (Атырау облысы) жетістікке жету жолы туралы баяндады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Іскер ауыл әйелдеріне қолдау көрсетіледі

Жұм Шіл 15 , 2022
Оқылды: 572 «Он жылдан бері ауыл әйелдерімен тығыз жұмыс жүргізіп, олардың қажеттіліктерін білгеннен кейін біз орыс және қазақ тілдерінде сұранысы басым 17 бизнес бағыт бойынша видео сабақтар әзірлеп, farmerschool.kz тегін оқыту порталын құрған болатынбыз. 2020 жылдың басынан бері бұл порталда 5.500ден аса ауыл әйелдері кәсіби біліктілігін арттырды. Былтыр farmerschool.kz порталы […]