Жауынгерлік борышын өтеген сарбаздар үйлеріне оралады  

Қарағанды гарнизонына қарасты 44803 әскери бөлімінің 80-ге жуық сарбазы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарды. Жақын күндері отбасына оралатын жастардың көңіл-күйлері де ерекше.

 

Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімде мерзімді қызметте әскери міндетін өткерген сарбаздар үшін әскери бөлімнің жеке құрамы қоштасу кешін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде әскери міндетін адал атқарған сарбаздар марапат пен естелік сыйлықтарға ие болды.
Осы уақыт аралығында Отан қорғаушылар көп нәрсені үйреніп қана қоймай, әскери бөлімде өткізілген оқу-жаттығу сабақтарына машықтанып, темірдей тәртіпке дағдыланды және батыл әрі жігерлі болуды үйренді. Әскери міндетін өтеген сарбаздар туған үйлеріне Көкшетау және Орал қалаларына оралмақшы.
Бір жылын есте қаларлықтай қызықты өткізіп, айнымас дос тапқан, қатардағы жауынгер Бейбіт Шәріпов бөлімнің «үздік сарбазы» деп танылған. Әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, жауынгерлік достарына бауыр басқан жас жігіт өз ойымен бөлісті.
 – Әскери өмір қызықты, жаңа достар тауып, бұл ортаға үйреніп кеттім. Осы уақыт ішінде автоматты бөлшектеп, жинауды үйрендік. Әскери тәртіп пен дене даярлығының пайдасы тиді. Отан алдындағы ер азаматқа тән борышымды абыроймен атқардық деп ойлаймын. Бір жыл уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шықты, – деді сарбаз Бейбіт Шәріпов.
 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Журналистер арасындағы қаржы байқауы

Сей Там 10 , 2021
Оқылды: 693 Түркітілдес журналистер қоры жыл сайын бірнеше байқау өткізеді. Солардың бірі – «Еркін сөз» . Түркітілдес журналистер қоры және “Halyk Bank” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында өтетін “Еркін сөз”-2021 шығармашылық байқауының ережесін жариялап отырмыз. Қаржы тақырыбына арналатын Байқауға Қазақстанның барлық облыс, аудан, ауыл, аймақтарынан журналистер қатыса алады. […]