Жауынгерлердің аналар комитеті Қарағанды қаласындағы әскери бөлімде болды

«Аналар жүрегі» сарбаздардың аналар комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды ​​облысындағы өкілі Зағира Әубәкірова 44803 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан сарбаздармен жүздесті.

Кездесу барысында әскери бөлімдегі жаңадан келген сарбаздардың өмірі мен тұрмысы жайлы танысып, жауынгерлік дайындық кабинеттерін, жатар орындары мен асханасын аралап көрді. Сарбаздардың аналар комитетінің өкілі әуе қорғаныс күштеріне қарасты әскери бөлімді аралау барысында жаңадан қабылданған сарбаздармен әңгіме жүргізілді.

   « -Бүгін біз сарбаздардың Ақтас, Саран қаласындағы әскери бөлімдерді аралап, отан қорғаушылардың өмірімен таныстық, жауынгерлеріміздің қызмет етуіне жасалған жағдай жайын біліп қайттым. Біз отан қорғауға келген әр сарбаздың жағдайын назардан тыс қалдырмаймыз, олардың ата-анасымен байланыс орнатуға дайынбыз», – дейді Зағира Әубәкірова.

  Сарбаздардың аналары комитеті ең алдымен әскерге шақырылғандарға қиын жағдайдан шығуға көмектесу үшін құрылған. Аталмыш комитет өкілдері еліміздің Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери құрылымдарын, әскери оқу орындарын үнемі аралап тұрады. Қоғамдық бірлестіктің басым бөлігін ұлдары қызмет еткен әйелдер құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сарбаздар қариялардың үйлерін қардан тазартып берді

Сей Жел 26 , 2023
Оқылды: 310 Қиын сәтте көмек беру арқылы барша өңір тұрғындарына игі іс жасаған Қарағанды гарнизонының әскери қызметкерлері қаланы қалың қар басуына байланысты ерекше бастаманы қолға алды.  ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионның қызметкерлері жалғызбасты тұрғындар мен қарт адамдардың үйлерін қардан тазалап беру үшін […]