Қарағанды гарнизонында»Жас сарбаз» айлығы

«Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру және әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алу жөніндегі 2023-жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, 2023-жылдың 16 мамыр мен 16-маусым аралығында Қарағанды гарнизонында»Жас сарбаз» айлығы өткізілуде.

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылған азаматтардың моральдық-іскерлік, әлеуметтік-тұрмыстық қасиеттерін жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, «Жас сарбаз» айлығын өткізу барысында 1-2023 әскерге шақырудың мерзімді қызметінің әскери қызметшілеріне өзара қарым-қатынастардың белгіленген қағидаларын бұзуға, бөлімді өз бетінше қалдыруға, әскери қызмет міндеттерін орындаудан жалтаруы немесе бас тартуы туралы әскери қылмыстар жасағаны үшін әскери қызметшілердің қылмыстық жауаптылығы туралы Қылмыстық кодексте көзделген нормалары толығымен жеткізілуде.Сонымен қатар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге оларға құқық бұзушылыққа қайшы әрекеттерді қолдану кезіндегі іс-қимылдар тәртібі түсіндірілді.

« -Аталмыш айлық жұмыстарының өткізілуі, әскердегі заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында жаңа тәсілдерді қалыптастырады. Бағдарлама алдын алудың тиімді шараларын әзірлеуге, әскерлерде жүргізіліп жатқан жұмысты қоғамның оң қабылдауы мен қолдау көрсетуіне бағытталып отыр. «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасының басым тұстары өте көп. Құқық бұзушылықтың алдын алу, билікті асыра пайдалану фактілерін ескерту, жарақаттануды азайту, одан өзге әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады» – деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ашаршылық зұлматы

Дүй Мам 22 , 2023
Оқылды: 393 Ауу-у-у. Түсімде ұлыған қасқырдың дауысынан қара терге түсіп, түн ортасында ұйқымнан шошып ояндым. Көз алдыма қою қараңғыда, қырдың төбесінде екі көзі оттай жанған түз хайуанының сұлбасы келді, шөккен бойы айға қарап ұлып отырған. Бойымды бір  қорқыныш сезімі басты, суық терге түскен мен мұны неге жорырымды білмей, «біссімілә – […]