Сарбаздар қариялардың үйлерін қардан тазартып берді

Қиын сәтте көмек беру арқылы барша өңір тұрғындарына игі іс жасаған Қарағанды гарнизонының әскери қызметкерлері қаланы қалың қар басуына байланысты ерекше бастаманы қолға алды. 

ҚР Қорғаныс министрлігі Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионның қызметкерлері жалғызбасты тұрғындар мен қарт адамдардың үйлерін қардан тазалап беру үшін көмек қолын созуға тырысады. Бұл ретте аталмыш қайырымдылық жұмыстарын қолға алған 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионы көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне барып, аулаларын басқан қалың қарды шығарып берді. Мұнан бөлек олар қоғамдық орындар мен көшелерді де қардан аршуға атсалысты. Бұл ретте әскерилердің бастамасына алғысын жаудырғандарда жоқ емес. Осылайша, автокөлік жолдары да қар құрсауынан аршылып жатыр. Ақтас кентінде жүзеге асқан көпке үлгі боларлық бұл бастама, алдағы уақытта әліде жалғасын табатын болады дейді, шараны ұйымдастырушылар.

 – Қыс қаһарына мінді. Қар қалың жауып, зейнеткерлер біздің әскери бөлімнен көмек сұрады. Офицерлер мен сержанттардың бастамасымен қариялардың үйлерін қардан тазалау жұмыстары тынымсыз жүріп жатыр. Мұндай уақытта біз сарбаздарда қарап отыра алмадық. Міне, ауызбіршілігіміздің арқасында жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, үй аулаларын қардан тазартуға көмектесіп жатырмыз, – деп атап өтті, өз кезегінде Михаил Ермаков – Қатардағы жауынгер.

   Қардың қалың түскені қарт адамдарға көп қиындық туғызады. Қорғаныс Министрлігіне қарасты әскери бөлімнің қызметкерлері зейнеткерлердің үйлерінің аулаларында қар тазалау акциясы әліде жалғасатындығын айтады. Қар тазалау бойынша қайырымдылық жұмыстары көмек сұраған жалғыз тұратын қарт адамдарға және басқа да мұқтаж адамдарға қарастырылады. Әскерилер қарттардың үйінің аумағында қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркияда қонақтарды Балтық стиліндегі қонақүйлерде қарсы алады

Сей Қаң 9 , 2024
Оқылды: 348 Карс орталығындағы қонақ үйлер қонақтарды Балтық стиліндегі керемет ғимараттарда, кавказ шоуларымен әйгілі қала мейрамханаларында және қыстың салқын кештеріндегі жайлы атмосферасында қонақ етеді. Түркияның солтүстік-шығысындағы Карс – Анадолыдағы ең көне елді мекендердің бірі. Бұл аймақта урартулықтар, парсылар, шығыс римдіктер, селжүктар, османдықтар және басқа да көптеген орыстардың мекені болған. Қаланың […]