Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту басты міндет

Жаңа Қазақстан құруға бет алған еліміз әсіресе отбасы құндылықтарына көп көңіл бөліп отыр. Өйткені, қазір жаңадан тігілген 100 отаудың әрбір бесіншісінің түндігі бес жылға жетпей жабылып жатыр. Шырқы бұзылған шағын мемлекеттер саны – қоғам дамуының дертіне айналды. «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс – шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыру да ажырасудың артуына алаңдаған ойдан туындап отыр.

Ел астанасы Нұр – Сұлтанда өткен баспасөз конференциясында жаңа жобаның көздеген мақсаты айтылып, отбасы құндылықтарын насихаттаудың қаншалықты сұраныс тудырып отырғандығы кеңінен талқыланды. Жалпы, бұл жоба 2022 жылдың қарашасына дейін жүргізілмек. Жаңа жоба Қазақстанның әр өңірін қамтиды. Youtube арнасында «Бақытты отбасы атанудың жолдары қандай?» атты видеоресурс қарастырылғандығында еске сала кеткен жөн. Ол арқылы кемінде 500 жұп отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша сұрақтарға жауап таба алады.
Айта кетейік, ZOOM платформасында өткен конференцияға ҚР АҚДМ және АБҚО өкілдері, Ләззат Елубайқызы Алшынова, Замандас 21 ҚҚ басшысы; психологиялық қызметтің басшысы Наталья Николаевна Семененко қатысты. Брифингте сөз алғандардың барлығы қазіргі отбасыларды кездесетін келелі мәселелерді ортаға салып, оны шешудің нақты жолдарын қарастырды.
Психологиялық қызметтің басшысы Наталья Николаевна Семененко бүгінгі кездесуде дисфункционалды отбасылармен жұмыстағы психологтардың ең негізге бағыттарына тоқталды. Жоба аясындағы жұмыс барысында осы уақытқа дейін 61 адам психолог көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі нәзік жан иелері және олардың 70 пайызы балала жандар болып шықты. Психолог көмегіне жүгінген аталмыш адамдардың 26 пайызы ажырасқан болса, 18 пайызы жалғыз бастылар санатынан. Соттың анықтауы бойынша 26 жұппен жұмыс жүргізілген. Жалпы, мамандардың мәліметіне сенсек, дисфункционалды отбасыны құруға ата-аналарлардан қашу, жоспарсыз жүктілік, кек алу т.б. сияқты жағдайлар себеп болады екен.
Қолға алынып отырған жоба барысында осындай келеңсіз жағдайларға тап болған отбасыларға офлайн және онлайн тәртібінде де кеңес беру жұмыстары жүргізілмекші.


Баспасөз жиынына қатысқандардың айтуынша қазіргі жастардың көпшілігі отбасы тек жақсы өмірден тұрады деген жалаң пікірде дейді. Олардың өмірдің ыстық-суығына төзімсіз, психологиялық жағынан дайындығының болмауы салдарынан құрған шаңырақтарының іргесін бірден шатқаяқтатып алып жатады.
Бүгінгі кездесуде бала тәрбиесінде кетіп жатқан олқылықтар мен осал тұстары ашық айтылды. Ғаламтор желісіне тәуелді ғасырда тәрбие оның ішінде әсіресе ұлттық тәрбиенің құлдырап кеткендігі рас. Жаңа жоба осы мәселеге де мысқалдай болсын үлес қосуды көздеп отыр.
Нақты айтсақ, аталған жоба аясында теренинг, семинарлар және бейне сабақтар ұйымдастырылып, оқыту курстары өткізілді.
Мәселен, @ kz_happy_family жобасының Instagram-дағы
«Менің отбасым дастархан басында» атты байқауына
160 отбасы қатысса, «Қытай данагерінің құпиясы» квестінде -54 отбасы белсенділік танытқан. Ал, «Отбасылық бағдар» спорттық эстафетасында – 71 отбасы өнер көрсетті. Әке -, ана және бала болып, бірге қатысқан бұл шаралардың өзі отбасы қарым-қатынастарын нығайтуға ерекше ықпал етеді.
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шевронның журналистерге арналған байқауы

Бей Шіл 28 , 2022
Оқылды: 620 Түркітілдес журналистер қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында өтетін “Әлеумет – қоғам айнасы” шығармашылық байқауының ережесі. «Әлеумет – қоғам айнасы»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ Жалпы ережелер «Әлеумет – қоғам айнасы» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалары бойынша серіктестерінің жобаларын насихаттау, әлеуметтік […]