Алматыда журналистер байқауының қорытындысы жарияланды

Алматы щө қаласы “Қазақстан” қонақ үйінде «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.

Байқауға 40-қа жуық шығарма келіп түскен. Әділқазылар алқасының төрайымы Айнұр Сембаеваның айтуынша жеңімпаздарды анықтау қиындық тудырмаған.

Байқау туралы пікірін білдірген “Заң” газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева: “Әлеуметтік тақырыптарды жазатын журналистер кілең жастар болды. “Шеврон” компаниясының әлеуметтік бағдарламалары туралы жазғандар, нәсихаттағандар да болды. Қазылар алқасы бірін-бірі білген жоқ. Бірақ, бәрінің бірінші орынға, екінші орынға қойған жүлдегерлері бірдей болып отырды” дейді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік тақырыпқа жазатын БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін көтеру және жазарман қауымның шығармашылық қарымын күшейту, ынталандыру мақсатында өткен байқауға 7 жүлделі орын тағайындалды.

Шығармаларды бағалау материалдардың объективтілігі, кәсіби шеберлігі, әлеуметтік жобалардың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетуі, жұмыстардың шығармашылық толымдығы сынды бірнеше өлшем негізінде жүргізілген.

  1. Жүлделі орын алғандар:
  2. 1. Әсел Жақсыбай 1-орын
  3. 2. Жадыра Мүслім 2-орын
  4. 3. Данияр Болысбекұлы 3-орын
  5. Ынталандыру сыйлығы:
  6. 1. Айдағараев Бағдәулет
  7. 2. Дастан Баширов
  8. 3. Айнагүл Шакупова
  9. 4. Дәурен Махимов

Дереккөз: ttjk.info сайтынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ыстамбұлдағы мейрамханалар рейтингі жарияланды

Жұм Қаз 14 , 2022
Оқылды: 665 14 қазан 2022 жыл. Әлемдегі заманауи мейрамханалардың рейтингін жариялайтын Michelin Guides Түркияның Ыстамбұл қаласындағы 53 мейрамхананың тізімін жасады. Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, аты аталған 10 мейрамхана Bib Gourmand сертификатымен марапатталса, тағы 4 мейрамхана Мишлен жұлдызына ие болды. Сондай-ақ, 38 мейрамхана Мишлен гидтерінің […]