Жас сарбаздар сап түзеді

Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Биылғы жылдың мамыр айындағы соңғы онкүндігіндігінің жадыраған шуақты күндерінің бірінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің Приозерск гарнизонында орналасқан 06708 әскери бөлімі мен 18405 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.

(Қазақстан Республикасының Әскери анты мәтінінен үзінді) 

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егеменді мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін….

Жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бетпердесін ашу кезіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесі жас сарбаздар жиыны кезінде жауынгерлік даярлықта үздік танылған қатардағы жауынгер Ұлықман Әділет Қасымқұлұлынабұйырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілгеннен кейін жеке құрамға Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Абеков Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сай, Отан алдындағы борышты өтеу кезіндегі Әскери анттың маңыздылығын жеткізді. Лауазымды басшы подполковник Жасұлан Садуұлы өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» – деп жазылған. Әскери ант қабылдау рәсімі – бұл әрбір жауынгердің Ата заң алдындағы міндетіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшы тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, сондай-ақ өз Отанын қорғауға әрқашан дайын болу керек екендігін білдіреді» – деп, ой түйді.

Бір сызық бойына сап түзеген жас сарбаздар салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Салтанатты жиында Приозерск гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет майоры Айдынбеков Жалғасбек Абаевичке,18405 әскери бөлімінің командирі полковник Алимов Азимхан Кенесовичке құттықтау сөз сөйледі. Жас сарбаздар атынан мінберге көтерілген қатардағы жауынгер Ғайд ЕрсұлтанТалғатұлына мен қатардағы жауынгер Талғатов Орынбасар Талғатұлына көпшілік алдында өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар ата – аналар атынан Утембетова Гүлмира Азбергенқызына сөз берілді.

Әскери ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын соңынан жас сарбаздар өздерінің әскери өмірге бейімделудің алғашқы күндерінде жинақтаған тәжірибелерін көрсетіп, жиналған қонақтарға, ата-аналарға және туған-туыстарына дене шынықтыру дайындығындағы спорттық жаттығу түрлері, жауынгердің қарумен саптық тәсілдері және спорттық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің қимылдарын іс-жүзінде көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны жоғары деңгейде асқан ұйымшылдықпен өтті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тараклының тарихы

Сәр Мам 31 , 2023
Оқылды: 442 Тараклы /Tarakli/ – Түркияның Сакарья қаласында орналасқан ерекше қалашық. Оның басқа елді мекендерден өзгешелігі – тарихында, 13 ғасырда түрік-селжуктер осы жерді басып алғаннан кейін әсем табиғатына қызығып, қоныстанып қалған екен. Мұнда Харк каньоны мен үңгірі (Hark Kanyonu ve Mağarası), Гюнгормез сарқырамасы (Güngörmez Şelalaesi), Кемер көпірі (Kemer Köprüsü), Гюрлейк […]