Митинг жайындағы заң қалай қабылдану керек

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Ашық түрде жұрттың талқысына ұсынып жатқан «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңы бойынша көпшіліктің әлеуметтік желідегі пікірі үшке бөлінді.
Алғашқысы, өмірінде заңдардың бетін ашып көрмеген, үкімет ұсынған заң жобаларын кезекті бір науқан ретінде көретін көпшілік қауым кім не десе, соны қолдауда. Оларға митинг өткізуге қарсылардың да, митингті ұйымдастырушылардың да кім екені бәрібір. Әйтеуір «беу» деп қалу керек. Арасында осы заң жобасы туралы шулы пікірін ұсынып жүрген Евгений Жовтис деген құқық қорғаушының есімін алғаш естіп тұрғандары да бар. Сондықтан бұл топқа тоқталмай-ақ қояйық.
Екіншісі, көптен бері саяси оқиғалардың басы-қасында жүргендер. Олар бәрінен хабардар. Реті келсе адам құқығы мен бостандығын қорғаудың қазақстандық нормасын халықаралық, еуропалық стандартқа сай етуді көздейді. Яғни, адам құқығына еркіндік беретін зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанда да кез-келген азаматтың (мейлі шетелдік азаматтың) билікке пікірін ашық айта алуын, қалаған уақытында қалаған жерінде митинг өткізе алуын қалайды. Сонымен қатар митинг барысындағы қауіпсіздік шарасын ұйымдастырушылар емес, полиция өкілдері қамтамасыз етуі керек,-дейді. Әрі, митинг өтетін орынды бұрынғыдай жергілікті билік белгілемеуі қажет, оны ұйымдастырушылар таңдауы керек екенін алға тартады.
Үшінші пікір иелерінің ішінде «әсіре билікшілдерден» өзгесі еліміздің демократиялық жолға түсіуіне бейбіт митинг керек дейді. Бірақ, бұл мәселеде көпшілігі азаматтығы жоқ немесе шетелдік азаматтың (заңгер Евгений Жовтис ұсынған) шеруге шығуына рұқсат етуге түбегейлі қарсы. Бұл тұрғыда елдің қауіпсіздігін ойлаған Қазыбек Иса бастаған ақын-жазушылар үндеу де жариялап үлгерді. (https://qazaquni.kz/2020/04/29/145957.html )

Бар гәп осы тұста. Егер шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар митингіге шығуға мүмкіндік алса елімізде туындайтын болжамды зардаптар легі бұдан да ауқымды сияқты. Қазыбек Иса айтқандай тек Ресейдің солтүстікке көз алартуы, халықаралық ұйымдары мен қытайлықтардың бас көтеріп жер сұрауы ғана емес, онсыз да кесімі келте болып жүрген дін, тіл мәселелерімен айналысатын ұйымдар да қалауын жасап, қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Көп жылдардан бері Қазақстандағы ақпарат құралдары арқылы «мемлекеттік тілдің қолданылу аясына», жер аттарын қазақша есімдерге ауыстыру бойынша қарсылық танытып, ақпараттық шабуыл жасап келе жатқан «Русский мир» енді ашық түрде өз құқықтарын талап етуге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар 2003 жылдан бері Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезін өткізіп, буддистерге басымызды иіп, христианды қолтыққа алып, исламның одан әрі дамуы үшін иіліп келе жатқан саясатымызға қарамастан АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссиясы (USCIRF) әлі күнге дейін Қазақстанды Судан, Өзбекстан, Ауғанстан сияқты діни еркіндік шектелген елдермен тең көреді (https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-in-the-uscirf-report-on-reigious-freedoms-2020/30582474.html).
Бұдан шығатын түйін бейбіт митинг өткізу туралы заңда шетелдік азаматтардың құқығы қорғалатын болса онда жыл сайын шу шығарып жүретін (мыс: баптистер) діни ұйымдардың қолдаушылары да өз құқықтарын ашық айтады. Тіпті, өзге дін өкілдерін айтпағанның өзінде сансыз тарапқа бөлінген (Қазақстанда саны басым) ислам дініне кіретін ағым өкілдері (салафиттер) де өктем сөйлейтін болады. Ондай сәтте осы күнге дейін дін өкілдеріне жасаған (бәлкім жағымпаздық мақсатта) съездеріміздің құнын көк тиын көріп отырған Еуропа мен АҚШ ара түспейтіні анық.
Сондықтан Тәуелсіздігімізге ықтималдығы мол қауіп-қатерлерді жете зерттей отырып қана құзіретті заң қабылдауымыз керек.

Қуаныш Тыныбекұлы, Қарағанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

АЛАШТЫҢ ТІРЕГІ

Сен Мам 2 , 2020
Оқылды: 2  016 Танылмаған талант бар Ержан Әдікенұлы Әділ – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы, «Жарық сәуле», «Түп-тамыр» кітаптары мен көлік тасымалы саласындағы бірнеше оқулықтардың авторы, қоғам белсендісі. Ержан Әділдің лирикалық, азаматтық тақырыпта көптеген шығармалары жарық көрген. Қазтуған, Шалкиіз жыраулардай үнемі ел ішіндегі өткір мәселелерді көтеріп, жырымен де, игі ісімен де […]