ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: НЕГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕМЕНШІК УНИВЕРСИТЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖИІ АЙТЫЛМАЙДЫ

Қазақстандық білім жүйесіндегі кадрлық мәселелер жайлы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев NUR.KZ порталының тілшісіне пікір білдірді.

Кадрларды дайындау мәселесі бірінші орында тұруы керек. Яғни жоғары оқу орындарында оқытушы мамандығы беделді болуы тиіс. Сонда жастар оқытушылыққа ұмтылады, ғылымға бет бұрады. Білім саласындағы өзекті мәселерді талқылай келе, Талғат Нәрікбаев елімізде жекеменшік университеттер туралы аз айтылатынын да атап өтті.

«Елімізде бірінші орынға әрдайым ұлттық, мемлекеттік ЖОО-ларды қояды. Бірақ олардың да өз проблемалары жетерлік, тіпті кейбірінің деңгейі жекеменшік университеттерден де төмен. Көптеген жекеменшік жоғары оқу орындары біраз уақыттан бері батыстық үлгі бойынша білім беру процесін сәтті жүзеге асырып келе жатыр. Мемлекеттік университеттерге сондай ЖОО-ларды неге үлгі ретінде көрсетпеске? Олардың шын мәнісінде мықты екені айтыла бермейді. Керісінше, қоғамға: «Қазақстанда осындай ЖОО-лар бар, Ресейге немесе басқа елге кетудің қажеті жоқ, елімізде қалыңдар» – деп, көздерін жеткізу керек»,- дейді ол.

Оның пікірінше, қазақстандық білім жүйесінде бірқатар проблемалар бар әрі ҚР Білім және ғылым министрлігі оны жоққа шығармайды. Мықты профессорлық-оқытушылық құрамның болмауы да өзекті проблемалардың қатарында.

«Жақында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбукте жазба қалдырды. Парақшасында ведомстволық бағынысты университеттердің жалақысын шұғыл түрде арттырып, ең төменгі айлық мөлшерін 200 мың теңгеге өсіру қажеттігін мәлімдеген. Мысал ретінде еліміздің ұлттық мемлекеттік университеттерінің бірінде орташа айлық 110 мың теңге екенін айтыпты. Бұл аталған университетте профессорлық-оқытушы құрамының сапасы нашар екенін білдіреді. Себебі жақсы маман университетке 110 мың теңгеге жұмысқа келмейді. Қазір мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары профессорларының жалақысын 450 мың теңгеге көтеру міндетін қойып отыр. Бұл шешім сапалы кадр тартуға көмектеседі», – деп атап өтті Талғат Нәрікбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Qaraģandy» өнер-көкпары командасы жүлделі оралды

Сәр Сәу 7 , 2021
Оқылды: 2  203 Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай көкпардан «Өнер көкпары» республикалық турнирінде Қарағанды облысының құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Турнир Жамбыл облысы,Тараз қаласындағы «Бестөбе» атшабарында өтті. Алғашында «Qaraģandy» өнер-көкпары командасы Шымкент қаласының «Құлагер» командасымен бәсекеге түсіп, 2:1 есебімен жеңілген […]