«Qaraģandy» өнер-көкпары командасы жүлделі оралды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай көкпардан «Өнер көкпары» республикалық турнирінде Қарағанды облысының құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Турнир Жамбыл облысы,Тараз қаласындағы «Бестөбе» атшабарында өтті.

Алғашында «Qaraģandy» өнер-көкпары командасы Шымкент қаласының «Құлагер» командасымен бәсекеге түсіп, 2:1 есебімен жеңілген еді. Екінші айналымда жерлестеріміз жамбылдық «Әулие ата» құрамасымен ойнап, оларды өз алаңында 3:1 есебімен ұтты. «Әулие атаға» тиесілі бір салымды әнші Мағжан Сержанов салды. Ал «Qaraģandy» құрамасына тиесілі үш салымның екеуін команда капитаны, асаба Ерік Тезекбаев, біреуін әнші, асаба Данияр Дүйсенбаев салды.

Үшінші орын үшін тартыста  «Qaraģandy» құрамасы алматылықтардан  басым түсті. Қос команданың ойын соңындағы нәтижесі – 4:1.-ге тең болды. Жеңіс Қарағанды құрамасының қанжығасында.

 «Qaraģandy» құрамасына тиесілі 4 салымның үшеуін команда капитаны, асаба Ерік Тезекбаев салса, біреуін әнші, асаба Данияр Дүйсембаев салды.

Қарағанды облысы «Qaraģandy» командасының құрамы:

Команда жетекшісі: әнші, композитор Саят Әбдіғали.

  1. Ерік Тезекбаев – асаба, (команда капитаны).
  2. Данияр Дүйсенбаев – әнші, асаба.
  3. Бауыржан Жанатов – әнші.
  4. Қуаныш Советов – әнші.
  5. Дәурен Айтжанов – әнші, асаба.
  6. Сұлтан Тілеубеков – әнші.
  7. Асан Әбдіразақов – күйші.
  8. Ерлан Сепкрай – әнші.
  9. Әмірхан Беркінбаев – асаба.
  10. Айдос Садық – режиссер, блогер.

Жарысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы. Жобаның үйлестірушісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Досымжан Таңатаров.

Дереккөз: Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ тілінің өркендеуіне үлес қосқан азаматтар марапатталады

Жұм Сәу 9 , 2021
Оқылды: 976 Қарағандыда Қазақтың ұлттық күнтізбесіндегі 9 сәуір – Мемлекеттік тіл күніне орай «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы иегерлерінің есімдері аталды. «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының ұлттық құндылықтарды сақтау, насихаттауға бағытталған жеке бастамалар мен жобаларды атап өтуге арналған жыл сайынғы республикалық «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы тағайындалған. Аталған сыйлықты […]