Әскеріміздегі сыбайлас жемқорлық-ең қауіпті қылмыс

Сыбайлас жемқорлық – демократиялық бастауларға негізделген мемлекеттің заманға сай даму жолындағы басты кедергілердің бірі. Әскердегі сыбайлас жемқорлық көріністерін қоғам ауыр қабылдайды. Себебі әскер бүкіл ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қорғаны.

 

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою масқатында қабылданған шаралар  жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев баяндап берді:

 – осы әлеуметтік кеселді жоюдың негізгі аспектісі және ең тиімді әдісі – алдын алу. Әскердегі сыбайлас жемқорлықты жою үшін біз бірқатар іс-шаралар кешенін әзірледік. Біздегі құралдарды талдап, бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын белгіледік. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, ақпарат алмасуға және әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Әскери полиция бас басқармасының құрылымында ішкі қауіпсіздік қызметіне берілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы қалпына келтірілді. Бұл күнделікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы «диагностикалау» бөлімшесі, өзіндік «комплаенс». Оның міндеттері –әскери қызметшілердің заңнама талаптарын сақтауы, талдау жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен факторларын зерделеу, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Объективті қарау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қоғамда болдырмау үшін барлық гарнизондарда олардың бастықтары басқарумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар құрылды. Олардың құрамына гарнизон әскери бөлімдерінің барлық командирлері кірді. Комиссия – өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыруда барлық дәрежедегі командирлерге көмек көрсетуде кеңес беруші орган.

Өткен жылы министр өз бұйрығымен зерттеуге міндетті болып саналатын басшылар мен мамандардың тізімін кеңейтті. 2020 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау, қатысы болу және жасыру анықталуына байланысты зерттеліп отырған 331 кандидаттың 124-і (38%) қаралатын лауазымдарға тағайындалмады.

Тимур Дәндібаев тек сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар санының динамикасын ғана емес, сондай-ақ әрбір осындай жағдайды егжей-тегжейлі қарастыратындарын айтты:

Сандардың азаюы бізге ешқашан алаңдамай, қол қусыруға себеп бола алмайды. Мәселен, өткен жылы Қазақстан әскерінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 30 фактісінің үштен бір бөлігін әскери қызметшілердің өздері мәлімдеген немесе оларды Қорғаныс министрлігінің Ішкі аудит қызметі мен әскери полиция анықтаған. Бұл сондай-ақ Қарулы Күштерде жемқорлыққа мүлде жол бермеу атмосферасын қалыптастыруды меңзейді.

Айта кету керек, тек сот үкімі күшіне енгенде ғана кез-келген істі тоқтатады. Бұған дейін қорытынды жасау ертерек. Жоғарыда айтылғандай, сотталған әскери қызметшілер бойынша статистика 21 пайызға төмендеді. Бұл алдын-алу шараларының көрсеткіші, алдын-алуды өлшеу немесе қолмен ұстау мүмкін емес. Біз қанша адам өзінің жаман ниетінен бас тартқанын білмейміз, бірақ статистикалық мәліметтер бойынша біз қабылдаған шаралардың қаншалықты тиімді екенін анықтай аламыз. Бюджет қаражатын жымқыру аясында қылмыс жасалмаған.

Егер 2020 жылы сыбайлас жемқорлықпен сотталған 26 әскери қызметші туралы айтатын болсақ – әңгіме ең алдымен тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көрінісі туралы болып отыр. Әрине, бұл өзінің әскери міндетін лайықты және адал атқарып жүрген барлық Қарулы Күштерге, бүкіл жеке құрамға көлеңке түсіреді. Оларды соттау нәтижесінде бейбіт уақытта біз 26 әскери қызметшіні жоғалттық десек болады, себебі оларды қамсыздандыруға, оқытуға және даярлауға мемлекет қаражат салды.

Бұл сандар құқықтық статистика органдарымен салыстыру нәтижесінде алынды. Бірқатар мемлекеттік органдарды, әкімдіктер мен соттарды есептемегенде, 17 министрліктің ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша қорғаныс ведомствосы 13-ші орында. Осыған орай, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің үлесі 0,03%-ды құрайды. Бұл ретте мемлекеттік органдардың штаттық санын ескеру қажет. Тұтастай алғанда, оның ішінде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижесінде 2020 жылы сотталған әскери қызметшілердің саны бір жарым есеге азайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Балаларды онкологиялық аурулардан қорғау күні

Сәр Ақп 17 , 2021
Оқылды: 1  837 15 ақпанда бүкіл әлем бойынша Халықаралық қатерлі ісік ауруы бар балалар күні атап өтіледі. Ол қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналары ұйымдастырған халықаралық конфедерациясының бастамасымен өткізіледі /ICCCPO/. «Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады. Көп жағдайда бұл қан ауруы –«лейкемия». Балалар онкологиясының жалпы құрылымында ми ісіктері, нейробластома, […]