Әскери антқа адал бол.

Қарағанды ​​гарнизонында сарбаздар арасындағы, зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған «Әскери антқа адал бол» әскери тәртібі мен заңдылықты нығайту онкүндігі аяқталды.

Гарнизонның барлық әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы құқықтық актілерді, сондай-ақ жеке құрамды жасырын сұрастыру арқылы әлеуметтік сауалнамалар енгізе отырып, профилактикалық әңгімелер мен сабақтар жүргізілді.


Осы он күндіктің басты мақсаты – әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар, бұл құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде алдын-алу бойынша бөлімшелер командирлерінің әскери құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимылын сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті өз кезегінде әскери полиция бөлімі бастығының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары подполковник Ербатыр Асқаров.
«Қарағанды ​​гарнизонындағы бұл іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады. Жұмыстың нәтижесі арқылы – әскери қызмет жағдайларын жақсарту бойынша әзірленген ұсыныстар да бар«,- деп атап өтті сөз соңында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ерлік - елдікке жеткізер

Жұм Сәу 23 , 2021
Оқылды: 1  090 Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың сарбаздары Кадет сыныбының оқушыларына «Ерлік сабағын» өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар мен әскери қызметшілер батырлардың кемеңгерлігі, батылдығы және патриотизм туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отанды сүйгіштікке, елді құрметтеуге баулу болып табылады. – Болашақ дәл бүгінен басталады. Ал, […]