Түркиедегі Мевлана музейі

Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз – Мевлана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық.

Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді Серкан Ванлы 2013 жылы ашқан. Бұл кісі ел аралап, жер көргенді, саяхаттай жүріп өзіне ерекше ұнаған детальдарды қойындәптеріне түртіп алуды әдетке айналдырған. Мына қонақүй – сол ерекше идеялардың жемісі. Расында Түркияда замануи үлгіде жасалған, сәннің соңғы жетістіктерін паш ететін қонақүйлер жетерлік. Ал бұл қонақүй Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білуімен құнды. Қонақүйге кіргенде тас дәуіріне енгендей әсерде боласыз. Бірақ, жайлы төсек, жарық та сәулетті бөлмедегі заттардың бәрі заманауи үлгіде жасалған. Коньяның дәл жүрегінде, Мевлананың жанында орналасқан HICH қонақүйі әр туристің көңілінен шығарына күмән жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы

Жұм Мам 19 , 2023
Оқылды: 363 «AMANAT» партиясы Halyk Bank және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып келе жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының аралық қорытындысы шығарылды. Жоба аясында 6 мыңнан астам отандасымыз оқудан өтті. «Ұлы дала» қауымдастығының президенті Ақмарал Бекмұрзаеваның айтуынша, оқыту бағдарламасы ауыл тұрғындарының қажетін ескере отырып әзірленді. Отандастарымыздың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтықтардың әрекетінқалай анықтауға […]