“ШЕВРОН” БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА 2 ҚҰРЫЛҒЫ СЫЙЛАДЫ

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы кішкентай науқастар үшін жаңа 2 жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын (ИВЛ) сыйға алды. Бұл құрылғылар Қазақстандағы COVID-19 ауруымен күресуге көмек аясында берілді

«Шеврон» компаниясы Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына (БҚКЖАА) жалпы сомасы 71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын Қазақстанда COVID-19 ауруымен күресу мақсатында тапсырды. Осы аса қажетті жабдықты тапсыруда «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асырып жатқан «Шевронның» көпжылдық серіктесі «АЯЛА» қайырымдылық қоры айтарлық үлес қосты.

«Шеврон» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, осы жабдық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне тезірек және тиімдірек көмек көрсетуге мүмкіндік береді, өйткені жансақтау бөлімінде бір минутты да жоғалтуға болмайды. «Бүгінгі таңда ірі бизнес пен Қазақстанның үкіметі жаңа коронавирустың таралуын тоқтату және ауырғандарға жазылуға көмектесуге бар күшін салуда. Орнатылған ИВЛ аппараттарымен қоса дәрігерлер оны пайдалануды үйреніп, кепілді техникалық қолдауға ие болады. Біз жаңа ИВЛ аппараттары тек пандемия кезінде ғана емес, дағдылы жағдайда да балалардың өмірін сақтауға көмектеседі деп сенеміз. «Шеврон» компаниясының атынан мен барлық қазақстандықтарға зор денсаулық және осы күрделі кезеңнен аман-есен өтуге күш-қуат тілеймін», – деді Жанар Қошпанова.

Humming Vue ИВЛ аппараттары соңғы буынға жатады және қысымды 13 микрон деңгейінде бақылауға көмектеседі, бұл балаларды баро-жарақаттау қаупін азайтып, респираторлық терапияның клиникалық тиімділігін арттырады. Оларды стерильдеу өте оңай және кейін қайта мөлшерлеуді талап етпейді, бұл оны келесі пайдалануға дайындау уақытын айтарлықтай қысқартады. Бұл аппараттар режимдерді ауыстырып қосу кезінде әртүрлі тыныс беру контурларын ажыратпай немесе ауыстырмай пациенттердің өкпесін желдетуге мүмкіндік береді, барлығын бір контурда іске асырып, ауыр гипоксия қаупінің артуына жол бермейді.

2019 жылы БҚКЖАА шамамен 100 мың жас пациентті қабылдады, оның төрттен бір бөлігі ауруханаға жатып шықты. Осы аурухананың жансақтау бөліміне былтыр шамамен 500 бала жатқызылды, олардың бестен бір бөлігі ИВЛ аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімі пациенттерінің шамамен 60%-ы пневмония және 3-дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі диагноздарымен түскен.

«Мен дәрігер білімін алғанмын, сондықтан латын тілінен дәйексөз келтіргім келеді: «Bis dat qui cito dat – Жылдам берген екі рет береді». Осы сөз «Шеврон» компаниясының балалардың жұқпалы аурулар ауруханасына және жаңа коронавирус инфекциясы салдарынан қатаң карантинде отырған Қазақстанның ең ірі мегаполисінің тұрғындарына аса құнды. Біздің қорымыздың қазақстандық балалардың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған медициналық жобамызды ұзақ уақыт бойы қолдап келген компания басшылығына алғысымды айтқым келеді. «Шеврон» аса қажет болған кезде жылдам көмекке келетін компания екені маңызды. Алматылық ата-ананың көпшілігі үшін балалардың өміріне аса маңызды жабдық тамаша жаңалық болып, болашаққа сенім ұялататынына сенемін», – деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры көп жылдан бері БҚКЖАА-мен «Өмір сйылайық» республикалық жобасы аясында белсенді түрде әрекет етеді. Жабдықтың және аппаратураның, соның ішінде қор 2007 жылы жансақтау бөліміне берген ИВЛ аппараттарының көмегімен ауруханадағы балалар өлімі 4-есе азайды. Жалпы осы жобаны іске асырған 13 жылдың ішінде «АЯЛА» қоры Қазақстанның 30 ауруханасы мен перзентханасына жалпы 389 380 567 теңге сомасында жабдық тапсырды. Осының арқасында Қазақстандағы он мыңдаған баланың өмірі құтқарылды.

«Шеврон» корпорациясы әлемнің біріктірілген жетекші энергетикалық компанияларының бірі. Компания мұнай мен газды геологиялық барлауды, өндіру мен тасымалдауды; көлік отынын және жанар-жағар май материалдарын қайта өңдеуді, маркетингін және өткізуді; мұнай химиясының өнімдері мен қоспаларын өндіру мен сатуды; сондай-ақ компания қызметінің барлық салаларында тиімділікті көтеру технологияларын әзірлеу мен енгізуді жүзеге асырады.
«Шеврон» Қазақстандағы жетекші жекеменшік мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің екі ірі – Теңіз бен Қарашығанақ кен орындары акцияларының иесі. Корпорация сонымен қатар Каспий құбыр желісі консорциумының ірі жеке акционері болып табылады, сондай-ақ Атырау қаласындағы полиэтилен құбырлары зауытын тиімді басқарады.

Нәзия Жоямергенқызы. www.ttjk.info

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды облыстық соты онлайн режіміне көшті

Сәр Сәу 1 , 2020
Оқылды: 1  336 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды облыстық соты онлайн режімінде жұмыс істейді. Қарағандыда карантин жариялануына байланысты, судьялар да арнайы санитарлық талаптар мен ережелерді қатаң сақтайды. Ал, аса қажет болған жағдайда сот кабинеттері адамдардың тікелей қатысуымен жұмысын жалғастыра береді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=807481533092700&id=100014925823690