Сарбаздар әскери бөліммен қоштасты

Қарағанды гарнизонына қарасты, 31775 әскери бөлімінде 1-мотоатқыштар батальонының сарбаздары әскери бөлімімен, аға буын әскерилер мен қоштасты. Мерзімді қызметтің 140сарбазы үйлеріне аман-есен оралады. Механикаландырылған бригада отан алдындағы абыройлы міндеттерін атқарған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салып, сәттілік тіледі.

Бөлімнің барлық жеке құрамы саптық алаңда жиналып, қызмет еткен жігіттерге көпке үлгі болғаны үшін «Алғыс» айтты. Осыдан кейін, Ту ұстаушы тобы мен құрметті қарауыл взводы саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын алып шықты.Борышын атқарған жігіттер әріптестерімен қимай қоштасты. Жауынгерлер соңғы саптық қадамдарын жасап, құжаттарын, грамоталары мен мінездемелерін алып, офицерлермен қол алысты. Әскери қызмет тәрбиеледі деген сарбаздар, кәсіби маман ретінде де үлкен тәжірибе алған. Мерзімді қызметте бір жыл ішінде сарбаздар көптеген оқу жаттығулардан, шерулерден және дабыл бойынша көтерулерден өтті. Күн сайын жігіттер рухты ғана емес, денені де күшейтті. Сонымен бірге, жауынгерлер ҰБТ-ны есептемей елдің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Қызметте үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары білім алуға тегін мүмкіндік беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты

Дүй Қаз 16 , 2023
Оқылды: 240 Алға қойған қызметтік барысымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Жүсіпов Асан Қуанышұлы Приозерск гарнизонында болды. Басты мақсат – осы аталған әскери ортадағы қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін көзбен көру болатын. Алдымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының 06708 бөліміндегі […]