Сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты

Алға қойған қызметтік барысымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Жүсіпов Асан Қуанышұлы Приозерск гарнизонында болды. Басты мақсат – осы аталған әскери ортадағы қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін көзбен көру болатын.

Алдымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының 06708 бөліміндегі жаңадан салынған модульдік сарбаздар үй-жайының табалдырығын аттап, мерзімдік қызмет әскери қызметшілердің жатын орнын көзбен көріп, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Сонымен қатар, Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелерінің алда келе жатқан жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын аралап көріп, бөлім командирлері мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ұлттық мереке қарсаңында, ерлік сабағы өткізілді

Сей Қаз 24 , 2023
Оқылды: 232 Қарағанды гарнизонына қарасты, 44803 әскери бөлімінде жеке құрамның қатысуымен  патриоттық және ерлік,  бейбітшілік  пен келісімді ұлықтау сабақтары өткізілді. Сабақты өткізу аталмыш бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметкер Айгүл Сағындыққызының ұйымдастыруымен қолға алынған.   Сондай-ақ, аталмыш салтанатты шарада егемен еліміздің алдағы уақытта да қарыштап дамып, экономикамыздың өркендеп, […]