Полиэтилен пакеттерден арт-нысан жасайды

Нұр-Сұлтан қ. Жетісу саябағы

29 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында қазіргі заманғы қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова пайдаланылған полиэтилен пакеттерден арт-нысан жасайды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін 2020 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарынан полиэтилен пакеттерін жинауды ұйымдастырған. Акция қаланың үш паркінде  күні бойы өткізіліп, нәтижесінде  4000-нан астам пакет жиналған.

Қосымша эко-бокстар ZETA дүкендерінде орнатылып, шамамен 1 500 пакет жиналды.

Бұл акция «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды, сондай-ақ халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне орайластырылған.

Сәуле Сүлейменованың айтуынша, ол әр тұрғынның үйіндегі «пакеттегі пакет» мәселесін шешу мақсатында полиэтилен пакеттермен жұмыс істей бастаған. Сондай-ақ Сәуле Сүлейменова осы бағытта жұмыс істейтін суретшілердің бірі. Пакеттерден өнер туындысын жасай отырып, ол азаматтарды экологиялық мәселелер туралы ойлануға және пластиктен барынша бас тартуға шақырады.

Картина жасау «Жетісу» қалалық саябағының «Шарын шатқалы» тауының алдында өтеді. Картинаның көлемі 5*3.

«Бұл жұмыс адамдар, қала және дала туралы. Бұл жұмыс жақында ғана елорданың аудандарының біріне айналған ауыл туралы. Бұл жұмыс далада ғана көруге болатын шексіз аспан туралы. Мынау  қиын уақытта адамдар жанына үміт  сыйлайтынаспан туралы».

Қоқыс біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мен түрлі түсті түстерді анық беру үшін түрлі түсті полиэтилен пакеттерін қолданамын. Мен боямаймын, салмаймын, пакеттерді тек түсі мен реңктеріне қарай таңдаймын, барлық түстерді осы пластикалық қоқыстардан табуға болады», – дейді суретші.

StopMusor жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылуға шақырамыз:

Instagram.com/stopmusorkz

https://www.facebook.com/stopmusorkz/.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

STEM-бағыттары аясында тегін білім алу

Сәр Шіл 29 , 2020
Оқылды: 1  148 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Білім керуені» білім беру жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте, STEM-бағыттары аясында тегін онлайн-практикумдарды іске қосатынын хабарлайды. Шілде және тамыз айларында мектеп директорлары, оқушылар, ата-аналар, педагогтар және білім беру саласының басқа да қызметкерлері қазақстандық және халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен өтетін онлайн-тренингтер мен воркшоптарға қатыса […]