Ұмытылған дәстүр – жоғалған тамыр: қазақ құндылықтары қайда барады?

Қазіргі таңда әлем күн сайын өзгеріп, технология қарыштап дамып келеді. Ақпарат ағынының күшеюі, жаһанданудың кең етек жаюы халықтардың өмір салтына ғана емес, олардың мәдениеті мен ұлттық болмысына да әсер етуде. Осындай кезеңде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын сақтау мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр.

Қазақ халқы үшін дәстүр – жай ғана өткеннің мұрасы емес, ұлттың өмір сүру салты, дүниетанымы және тәрбиесінің негізі. Ата-бабаларымыздан қалған үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, қонақжайлық, жеті атасын білу, асар жасау сияқты дәстүрлер қоғамдағы бірлік пен татулықтың кепілі болған. Алайда бүгінгі күні бұл құндылықтардың кейбірі ұмытылып, олардың орнына өзге мәдениеттердің элементтері еніп жатыр.

Жастардың көп бөлігі бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Олар әлемдік трендтерді тез қабылдағанымен, ұлттық дәстүрлердің мәні мен маңызын терең түсіне бермейді. Бұл жағдай ұлттық сана мен рухани құндылықтардың әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Егер жас ұрпақ өз тарихын, тілін және дәстүрін білмесе, болашақта ұлттық болмысты сақтау қиынға соғады. Дәстүрдің әлсіреуіне отбасы институтындағы өзгерістер де әсер етуде. Бұрын бір шаңырақ астында бірнеше буын өмір сүріп, үлкендер жастарға өмірлік тәжірибесін үйрететін. Ал қазіргі қоғамда мұндай байланыс сиреп барады. Соның салдарынан көптеген жастар салт-дәстүрлерді тек кітаптан немесе мерекелік шаралардан ғана көреді Дегенмен, жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар. Бүгінде мектептерде ұлттық тәрбиеге көңіл бөлініп, мәдени жобалар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік желілер мен интернет платформаларын пайдалана отырып, жастар арасында дәстүрді насихаттау да нәтижелі болмақ. Ұлттық құндылықтарды заман талабына сай дәріптеу – уақыт күттірмейтін міндет.

Қорыта айтқанда, салт-дәстүр – ұлттың рухани қазығы. Дәстүрінен айырылған халық өзінің тарихи жадынан, мәдени ерекшелігінен айырылуы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат ұлттық мұраны сақтауға үлес қосып, келер ұрпаққа аманат етуі тиіс. Ұлттық құндылықтарды құрметтеу – өткенге тағзым ғана емес, болашаққа жасалған  маңызды қадам.

Ақерке НҰРБОЛАТ 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ

Филология факультетінің 3- курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскери авиацияның тәжірбиелі офицері

Бей Мау 18 , 2026
Оқылды: 67 Әскери қызмет – үлкен жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін мамандық. Еліміздің әуе қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген офицерлердің бірі – полковник Сергей Зайцев Штаб бастығы – 50185 әскери бөлімі командирінің орынбасары қызметін атқарған ол әскери авиация саласында мол тәжірибе жинақтаған кәсіби маман. […]