Әскери авиацияның тәжірбиелі офицері

Әскери қызмет – үлкен жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін мамандық. Еліміздің әуе қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген офицерлердің бірі – полковник Сергей Зайцев

Штаб бастығы – 50185 әскери бөлімі командирінің орынбасары қызметін атқарған ол әскери авиация саласында мол тәжірибе жинақтаған кәсіби маман. «Ұшқыш-мерген» сыныптық біліктілігіне ие офицер Як-18, Л-39, МиГ-23УБ, Су-27 және Су-30СМ ұшақтарын меңгеріп, 1260 сағаттан астам ұшу тәжірибесін жинаған. Полковник Сергей Зайцев халықаралық оқу-жаттығуларға қатысып, мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық кезінде жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсетсе, халықаралық деңгейдегі ресми делегациялардың әуе қозғалысын сүйемелдеу міндеттерін де абыроймен атқарды. Әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауға қосқан елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін полковник Сергей Зайцев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Қайрат Садықов табыс етті.

– Бұл марапат мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. «Айбын» ордені – менің ғана емес, бірге қызмет атқарып жүрген барлық әскери қызметшілердің ортақ еңбегінің жемісі. Біз үшін ең бастысы – Отан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери борышты абыроймен орындау, – дейді полковник Сергей Зайцев.

Отан қорғау жолындағы адал қызмет пен кәсібилік – қашанда құрметке лайық. Полковник Сергей Зайцевтің еңбек жолы жас әскери қызметшілерге үлгі болып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі жауапкершіліктің жарқын көрінісіне айналып отыр.

Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ филология факультетінің 

журналистика кафедрасының 3-курс студенті

Сара Халам

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Жасанды интеллект дәуірінде адамды қандай құндылықтар сақтап қалады

Жұм Мау 19 , 2026
Оқылды: 59 2026 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұлт тәрбиесін дамытуға және қазіргі қоғамның өзекті әлеуметтік-рухани мәселелерін талқылауға арналған «Дана ғасыр» ІІ республикалық форумы өтеді. Форумның басты мақсаты – саналы ұрпақ тәрбиелеу идеясын дәріптеу, отбасы институтының қоғамдағы рөлін күшейту және берекелі отбасының мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізгі […]