Мектепке жол акциясы

Жыл сайын оқу жылы қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан қалыс қалмай, қатысып келеді.

Дәстүр бойынша әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері көпбалалы отбасылардан құралған әріптестерінің мектеп оқушыларына алдағы оқу жылына кеңсе тауарлары салынған рюкзактарды сыйға ​​береді. «Астана» Өңірлік қолбасшылығында барлығы 15-тен астам көп балалы әскери қызметшілердің отбасы тіркелген. Оның ішінде 30 мектеп оқушысы сыйлыққа ие болды.

Әскери бөлімдерде көп балалы отбасыларға көмек көрсету тұрақты түрде жүргізілетінін айта кеткен жөн:

4 және одан да көп балалы отбасылардан бөлек, ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылар да бар. Әрбір іс-шарада біз әскери қызметкерлердің балаларына көңіл бөлуге, мерекелер мен байқаулар ұйымдастыруға, аниматорларды шақыруға тырысамыз. Бұл біздің ұжымды біріктіреді, әскери қызметшілер бір-бірінің отбасын таниды, ал балалар әскерді жақынырақ біледі, – деді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі 31775 әскери бөлімі қызметкері Әйгерім Мұратқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркияның Орду қаласындағы таңғажайып музейі

Жек Там 27 , 2023
Оқылды: 232 Орталық Қаратеңіздің туристік қаласы Орду. Мұнда Қаратеңіздің ең ұзын жағалауы бар.  Орду қаласы VIII ғасырда Котиора атауымен, Қара теңіздің жанында Милет колониясы ретінде құрылған. 1800 жылға дейін понти гректері мекен еткен кіші қала болады. 1877 жылы орыс-түрік соғысынан кейін қалаға Кавказдан және Грузиядан ауған босқын түріктер қоныстана бастайды. […]