Марқакөл көлінде браконьерлерге тыйым салынады

Экология министрлігі Марқакөл көлінде браконьерлікпен күресу шараларын қабылдады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген браконьерлікпен күрес бойынша 2020 жылға арналған тұтас іс-қимыл жоспарын бекітті.

Марқакөлдегі ахуалға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударды. Өткен жылғы шілдеде ол Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көліндегі ҰҚТ әрекетінің жолын кесуді тапсырған болатын. «Құқық қорғау органдарына Марқакөл көліндегі (ШҚО) ҰҚТ әрекетінің жолын кесу туралы тапсырма бердім. Браконьерлер уылдырықты көптеп өндіру үшін бұл жерде майқан балығын заңсыз аулауда. Бұл бақылауға алынады», – деген еді Мемлекет басшысы.

Уылдырық шашу кезеңінде балық қорын сақтауды күшейту мақсатында биыл 1 мамырдан 30 маусымға дейін Марқакөл көлінің айналасында, уылдырық шашатын өзендерде балық қорын тәулік бойы қорғауға арналған 12 бекет орнатылды. Прокуратура, полиция, «Охотзоопром» РМҚК, инспекциямен жәнет.б. ұйымдармен бірлескен 600 жедел рейдтік шара және 11 рейд өткізілді.

Нәтижесінде, мысалы, мамырда Урунхайка өзенінде жалпы майқан тұқымдас 2 дана балықты ұстаған екі жергілікті тұрғын ұсталды. Күршім ауданының №2 аудандық сотының шешімімен кінәлілер айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдар мен залалдар толығымен өндірілді.

Марқакөл қорығының аумағында ҚР Қылмыстық кодексінің бабы бойынша қозғалған балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу бойынша қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сонымен, маусымда 10 күдіктіге қатысты қылмыстық сот отырысы өткізіліп, материалдар қосымша тергеуге қайтарылды.

Сондай-ақ, осы жылдың наурызындағы қызметтік тергеу нәтижелері бойынша белгісіз біреулердің Марқакөл көлінен  заңсыз балық аулау фактілері туралы ақпарат расталмағанын ескертеміз. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ішкі тексеру жүргізді.  

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың басынан бастап Экология министрлігі қорық аймағындағы Марқакөл көлінде жергілікті халықтың балық аулау ережелеріне өзгерістер енгізді. Арнайы белгіленген балық аулау алаңдарының саны төрттен бірге дейін азайтылды. Бұл жер Марқакөл көлінің солтүстік-шығыс бөлігінде, Урунхайка ауылына жақын жерде орналасқан. Тағы бір өзгеріс, балық аулауға жолдама тұрғылықты жері бойынша тіркелген жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Сондай-ақ, Министрлік ҚР Парламенті Мәжілісіне майқан балығын үшінші тұлғаларға сатуға тыйым салу туралы және Марқакөл көлінде жыртқыш құстарды (суқұзғын) реттеу туралы ережені енгізу туралы ұсыныстарды енгізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда суқұзғындар саны 2019 жылмен салыстырғанда 20 есе азайды және шамамен 450-дей.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

“ITeachMe” жастар инклюзивті лагерінің үшінші маусымы

Сен Шіл 18 , 2020
Оқылды: 1  354 ITeachMe біліктілікті дамыту орталығының жобасын іске асыруы жаһандық COVID-19 пандемиясының ең өршіген кезінде басталды. Пандемияның алғашқы күндері іс-шаралардың қашан, қайда және қалай өту керектігін түсінбегендіктен тоқтатылған. Жоба жүргізу тобы “Біз қиындықтардан қорықпай, шешім іздейміз!” деген ұранмен жұмысын жалғастырды: Жобаға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жастар инклюзивті лагерінің үшінші маусымын салтанатты […]