Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега–жұлдыздары  “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті. Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол  zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр.  Егер олар Америкада болғанда алып келу қиынға […]

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 2023 жылдың 22-23 шілдесінде өткен І Халықаралық медиа және туризм форумында Қазақстанның бастамасымен,  Қазақстан, Британия, Германия журналистері Дүниежүзілік шетелдік баспасөз қауымдастығын құрды. Қонаев қаласы Алматы облысы (22 шілде, 2023 ж.) – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ бастамасымен, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 21-22 шілде аралығында өткен […]

Қазақстанда алғаш рет 2023 жылдың 22-23 шілдесінде Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр. Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Түркияның Каппадокия қаласынан қалыс қалмайды! Алматы облысының туризм индустриясы – орналастыру, кіру және ішкі туризм бойынша республикада алдыңғы қатарда. Елімізде алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 30 […]

Бүгін І Халықаралық туризм және медиа форумының 2-күні. Кеше әлемнің 15 елінен, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық журналист Алматы облысындағы Көлсай көлдері және Шарын шатқалына пресс-турға барды. Ал бүгін облыстық әкімдіктің қабырғасында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында семинар-тренинг басталды. Шараға қатысу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі […]

2023 жылдың 21-23 шілдесінде Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтеді. “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде ұйымдастыратын шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Түркия Республикасы […]

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында «Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың  арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азия дауысы»  фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар,демеушілер тарапынан көптеген  түрлі ойындармен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалысорындары және еңбастысы – әсем […]

Эссе Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл […]

Кез келген адам бизнесті бастамастан бұрын: Бизнес пен кәсіпкерліктің оған қажеті бар ма? Мұндай іске дайынмын ба?-деген сауалға нақты жауап беруі тиіс. Өйткені бизнес тек тез арада пайда табумен шектелетін іс-әрекет емес. Ол бизнеспен айналысатын адамның қалауы мен пейілі, ынтасы және талпынысымен шектелмейді, сонымен қоса, ой-сана мен күш-жігерді және бастапқы […]

Эссе Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»,-деген Ахмет Байтұрсынұлының қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. […]

Елімізде қазіргі таңда бірнеше банк жұмыс істеп жатыр, олардың әрқайсысының өзіңдік ерекшеліктері бар.  Оның ішінде кең қолданыста және халық сұранысына ие банктердің бірі – «Қазақстан Халық банкі» АҚ – 87 жылдан бері өз тұтынушыларының игілігі үшін табысты жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан Республикасының ең ірі әмбебап коммерциялық банкі, Қазақстанның ең […]