Жас сарбаздар – ант қабылдады

Әрбір азамат үшін Отан алдындағы әскери борышын өтеу – абыройлы міндет. Қорғаныс Министрлігіне қарасты, Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасында борышын өтеуге келген 20 сарбаз ант қабылдады. Сарбаз болып сап түзеп, Отан алдында серт берген өрендерді ата-аналары құттықтап, балаларының қызметтік өмірлерімен танысты. 

Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болып, қорғау деген сөз. Отан алдындағы борышын адал орындауға серт бергендердің қатарында, 20 жігіт бар. Арнайы әскери киім үлгісін киіп, елін қорғауға, мүлтіксіз адал қызмет етуге ант берген сарбаздар жігерлі, бойларында патриоттық рух пен сүйіспеншілік басым. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған әр сарбаз өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен сезінгені анық. Балқаш қаласынан келген Жасұлан Бабаев сарбаздар қатарында сап түзеп, үйренерім көп дейді.

«Әскери өмірім жақсы өтуде, керек заттың бәрі бар, бәрі ұнайды. Жақсы тамақтандырады, киімді қалай дұрыс жуу керек, қалай дұрыс салу керектігінің бәрін үйренесің. Көп мүмкіндік бар. Және әскер қатаң тәртіпке үйретеді, мұнда есейе түсемін деген ойдамын, борышымды өтеп, әскери билетімді қолыма алған соң қызметке тұру, сондай-ақ оқуымды жалғастыру жоспарымда бар».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбұл - 2024 жылғы ең жақсы 50 саяхаттайтын орынға енді

Сәр Жел 6 , 2023
Оқылды: 163 Стамбұл Travel + Leisure (T+L) «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орын» тізіміне енді және келесі жылы ұсынылатын туристік бағыт болды. Қаланың жарқын атмосферасы мен көрікті жерлері қонақтарға ұмытылмас әсер береді. Саяхат журналы T+L «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орынды» құрастырып, оның редакторларының назарын аударып, […]