«Нұрлы жол» бағдарламасымен Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында салынып жатқан үйлер өз тұрғындарын қарсы алып жатыр. Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің Жаңаарқа ауданы аймағында атқарылып отырған жұмыстары туралы мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың басынан Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, «Жаңа-Нұр» ықшам ауданынан 12 екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер салынды, оның ішінде […]

Қарағанды облысында жұмыспен қамту шараларымен 76 мыңнан астам адам қамтылады. Жыл басынан бері өңірдің 14 мыңға жуық тұрғыны Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген. Олардың 10 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты. – Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды. Бұл ел бойынша […]

Биыл Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін Есқұла су тартқышын қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыстардың үштен екі бөлігі орындалды. Қарағанды облысындағы тұрғын үй-коммуналдық саладағы жоспарлар туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында айтып берді. Су мәселесін шешуден басқа, бірден алты […]

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысы экономикасының өсу нүктелері туралы айтып берді. – Биыл жалпы құны 285 млрд теңгеден асатын 14 жаңа өндіріс іске қосылады. Кемінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі, – деді облыс әкімі. – Мамыр айында QazCarbon компаниясының жаңа байыту фабрикасы […]

Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың жеке құрамы жаңа келген сарбаздармен толықты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген сарбаздар бір ай мерзімнен кейін салтанатты түрде ант беріп, заңды түрде қатардағы жауынгерлер сапына қабылданады. 31775 әскери бөліміне Павлодар облысынан келген 29 сарбаз бір бөлімге жиналды. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге келген азаматтарға, командирлер әскерде төзімді, […]

Қазақстандық әзірлеменің арқасында зағип жандар тек қазақ тілін ғана емес, шет тілдерін де оқып үйрене алады. Жақында «SEZUAL» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өзінің жаңа өнертабысын — зағип жандарға арналған қазақ тіліндегі Брайль өздігінен үйреткішті шрифтын ұсынды. Жаңа құрылғы туралы  «SEZUAL» маркетинг-менеджері Нұрбек Еңсебаев айтып берді. Бүгінгі таңда Қазақстанда зағиптардың сауаттылығы мәселесі […]

Қарағанды қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Жауынгерлік даңқ» лентасының тұсаукесері болып өтті. Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының                                              бастамасымен Қазақ халқының […]

Зағип және нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапханада көзі көрмейтін әуесқой авторлардың (ақындар) «Шесть точек вдохновения» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Кітапты құрастырып, басып шығаруға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Зағип және нашар көретіндер Мәдениет үйі бастамашылық етті. Кітапқа Қарағанды, Теміртау, Абай, Нұра ауданындағы Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдың […]

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріледі. Алайда, мектеп директорларының жалақысы 2015 жылғы деңгейде қалды. Елордалық депутаттың айтуынша, бұл мәселе тез арада шешімін таппаса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көбеюі мүмкін. Аталған мәселені Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаев елордалық білім басқармасының басшылығымен кездесу […]

Елімізде заң шығару қызметі сапасы деңгейінің төмендеуінен бөлек, ерекше қауіпті мәселелердің бірі – ғылыми мектеп сабақтастығын қалыптастыра алмау. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамытудың және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді. Халықаралық конференция барысында Басқарма төрағасы академиялық […]