Қарағанды облысында су, газ, жылу құбырлары тартылады

Биыл Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін Есқұла су тартқышын қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыстардың үштен екі бөлігі орындалды.

Қарағанды облысындағы тұрғын үй-коммуналдық саладағы жоспарлар туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында айтып берді.

Су мәселесін шешуден басқа, бірден алты өңірде кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта қалыпқа келтіру жүргізіліп жатыр.

«Нұрлы жол», «Моноқалаларды дамыту» және «ЖҚЖК» мемлекеттік бағдарламалары аясында 30 жобаны іске асыру жалғасады. Олар аяқталғаннан кейін қала халқының 98%-ы және ауыл халқының 90%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, биыл Қарағанды, Теміртау және Жезқазғандағы 3 мың үйді газбен жабдықтауға қосу көзделген. Газ беру осы жылдың үшінші тоқсанында тариф бекітілгеннен кейін басталады. Газбен жабдықтау желілерін тағы 4 мың үйге жеткізу бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Жаңа жылыту маусымына дайындық басталды. Жөндеу жұмыстарына 69 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның 50%-ы – жеке инвестициялар. ЖЭО-2, ЖТЭЦ, ЖЭО-1, ҚарГРЭС-1 және ГРЭС-Топар станцияларында негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы күрделі жөндеу атқарылып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағанды облысында 76 мың адам жұмыспен қамтылады

Жұм Мам 21 , 2021
Оқылды: 734 Қарағанды облысында жұмыспен қамту шараларымен 76 мыңнан астам адам қамтылады. Жыл басынан бері өңірдің 14 мыңға жуық тұрғыны Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген. Олардың 10 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты. – Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды. Бұл […]