Ауылшаруашылығының жайылымдық жерін қалпына келтіру қажет

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін дамыту мақсатында топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру туралы ойлану қажет. Осы жаһандық міндетті шешу үшін Ақтөбеде ауыл шаруашылығытауарын өндірушілермен және жергілікті атқарушыоргандардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

20 қаңтарда Жер қатынастары және ауылшаруашылығы департаменттерінің, «ГИПРОжер»ШЖҚ РМК өңірлік филиалының мамандары үшін«Жер деградациясын бағалау және оларды ГАЖ және қашықтықтан зерттеу әдістері негізіндеқалпына келтіру жөніндегі шаралар» тақырыбындасеминар-тренинг өткізілді. Кездесудің бастамашылары «Агроорманмелиорациялауарқылы Қазақстанда жайылымдық жердің климаттық орнықтылығын қамтамасыз ету» атты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының бірлескен жобасының  сарапшылары.

Жоба Ақтөбе облысының Әйтеке би (Аралтоғай а/о) және Мұғалжар (Талдысай а/о) және Алматы облысының Балқаш ауданында 2024-2027 жылдар аралығында пилоттық режимде іске асырылуда. Ол Қазақстанның нысаналы ландшафттарында тұрақты басқару әдістерін енгізу және ағымдағы тозу процестерін тұрақтандыру, сондай-ақ ауылшаруашылығы секторындағы көміртекті алу жобаларына инвестицияларды экономикалық бағалау арқылы жердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Тұсаукесер барысында жоба менеджері Аида Табелинова семинар қатысушыларына жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері, жол картасы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол 2016-2023 жылдар аралығындағы кезеңде жердің тозуын және олардың өнімділігінің өзгеруін бағалаудың қашықтықтан жасалған мониторингінің нәтижесін мәлімдеді.

Жоба менеджері Аида Табелинованың айтуынша, жердің тозу себептерін анықтау үшін табиғи-климаттық көрсеткіштердің динамикасына алдын ала талдау жүргізіліп, жобалық аумақтардың фермерлік қожалықтары базасында жайылымдық жүктеме картасы жасалған. Соның нәтижесінде жер деградациясының жоғары дәрежесінің себептері және  жұртшылықтың қатысуымен жайылымдарды басқару жоспарларын құрудағы жүйелі тәсілдің маңыздылығы айқындалған.  

Тренинг шеңберінде сондай-ақ жайылым жүктемесін аумақтық бағалаудың ГАЖ-әдістері және жердің тозу үрдісін мониторингтеуді қашықтықтан басқару тәсілі, оның ішінде жердің тозу дәрежесінің негізгі индикаторлары болып табылатын су және жел эрозиясы, дефляция және тұздану процестерін картаға түсіру таныстырылды.

Жоба менеджері Аида Табелинованың айтуынша, «Жайылымдық жерді бақылаудың геоақпараттық және қашықтықтан басқару әдістерін енгізу» жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы департаменттерінде үйлестіру және тәжірибе алмасу үшін қажет.

Бұдан басқа, QGIS бағдарламасында фермерлік шаруашылықтардың ГАЖ-дерекқорын жүргізу және жер жұмыстарын жүргізу кезінде шешім қабылдау жүйесін функционалдық аймақтарға бөлу және автоматтандыру кезінде есепке алу үшін цифрлық рельеф моделімен жұмыс істеу бойынша ГАЖ әдістері көрсетілді.

21 қазанда Ақтөбеде Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарының жер қатынастары, ауыл шаруашылығы мамандары мен фермер қожалықтарының басшыларына арналған тренинг-семинар өтті.

Оқыту семинары аясында жайылым бойынша Ұлттық сарапшылар, ГАЖ және фермерлік далалық мектебінің үйлестірушісі сөз сөйледі. Сарапшылар ауылдық округтердегі жайылымдарды басқару жоспарларын әзірлеу ережелері мен тәсілдері туралы айтып берді. Жоба Қазақстан аумағында ландшафттарды тұрақты басқарудың озық тәжірибелерін, модельдері мен мүмкіндіктерін және табиғи ресурстарды кешенді басқару әдістерін (КҚБЖ) дамытуға көмектеседі.

Жобаның негізгі элементі гендерлік аспектіні ескере отырып, БҰҰ ФАО фермерлік далалық мектептерінің қағидаттары негізінде Жобаның білім беру бағдарламасын іске асыру.  

Семинар-тренинг барысында қатысушылар алдында фермерлік далалық мектебінің үйлестірушісі Талғат Кертешев сөз сөйледі. Ол «Жерді функционалдық аймақтарға бөлуді жүргізу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабында көзделген, олардың нысаналы мақсаты мен пайдалану режимін белгілеу мақсатында ландшафтты жоспарлау тәсілдерін толық көлемде ескермейді. Қазіргі жерді пайдалануды жоспарлау тәжірибесі ландшафттың экологиялық функцияларын толық есепке алуға мүмкіндік бермейді. Тәуекел факторлары – Жер ресурстарын тұрақсыз басқару, экологиялық жай-күйді бағалаудың болмауы және жерге антропогендік жүктеме дәрежесі саналады. Аумақтық ландшафтты жоспарлау-бұл табиғи ландшафттың теріс әсеріне жаңа көзқарас, жерді пайдаланудағы шиеленіс жағдайларды шешу, шөлейттену мен деградация процесін бәсеңдету, сондай – ақ жер пайдаланушылардың мүдделерін ескеру», – деп атап өтті спикер.

Талғат Кертешев ландшафты жоспарлау тәсілдерін қолдана отырып, Алматы облысының жеті ауданына жерді пайдалану бойынша әртүрлі режимдер ұсынылатын моно – және көпфункционалды аймақтарға бөлу бойынша ақпарат берді,

Ақпаратқа қосымша анықтама: «Жердің агроорман мелиорациясы орман екпелерінің қорғаныш су реттеу және өзге де қасиеттерін пайдалану арқылы топырақты түбегейлі жақсартуды қамтамасыз ететін мелиорациялық іс-шаралар кешенін қамтиды. Жыл сайын 50 – ден 70 мың км2-ге дейін құнарлы жерлер жарамсыз болатыны белгілі, ал бұл апатты құбылыстың басты себебі-шөлейттену. Жерді жүйелі пайдалану, халық санының өсуі әлемнің әртүрлі елдерінің үкіметтерін азық-түлік өндірісін ұлғайту туралы ойлануға шақырады».  

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 25 қазанда Қазақстан ФАО-ның Азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі жөніндегі пилоттық жобасына қатысты. Қазақстан Республикасы осы жобаны іске асыру үшін БҰҰ таңдаған 5 елдің қатарына кірді.

«Қазақстанда жайылымдық жерлерді қалпына келтірудің климаттық тұрақтылығын қамтамасыз етудің агроорман мелиорациясы» атты семинар тақырыбы Ақтөбе облысы әкімдігінің мамандарын қызықтырды. Олар өңірде «Фермерлікмектептерді» енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыда әскери қызметшілердің балалары арасында шахмат турнирі өтті

Бей Ақп 13 , 2025
Оқылды: 200 Қарағанды гарнизонында Тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне орай «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты жарыс ұйымдастырылды. Турнир 31775 әскери бөлімінің базасында өтті және оған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер қызметкерлерінің 5-9 сыныпта оқитын балалары қатысты. Зияткерлік жарысқа 30-дан астам жасөспірім қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін сынады. […]