Қарағандыда әскери қызметшілердің балалары арасында шахмат турнирі өтті

Қарағанды гарнизонында Тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне орай «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты жарыс ұйымдастырылды.

Турнир 31775 әскери бөлімінің базасында өтті және оған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер қызметкерлерінің 5-9 сыныпта оқитын балалары қатысты. Зияткерлік жарысқа 30-дан астам жасөспірім қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін сынады. Турнирдің басты мақсаты – әскери қызметкерлердің балаларының шахматқа деген қызығушылығын арттыру, олардың стратегиялық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту және жеңіске деген ерік-жігерін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл сайыс жас шахматшыларға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға мүмкіндік берді. Тартысты өткен ойында 9-сынып оқушысы Даниял Жұматов барлық қарсыласынан басым түсіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 9-сынып оқушысы Сани Тұрсынқазыұлы, ал үшінші орынға 6-сынып оқушысы Арсен Алтынбеков тұрақтады. 31775 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі көмекшісі, турнирдің ұйымдастырушысы Назгүл Серікова жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, шахмат ойынының маңыздылығын атап өтті: – Шахмат – тек ойын ғана емес, ол ақыл-ойды дамытатын ерекше спорт түрі. Ол зейінділікті арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Бұл сайыс жас шахматшыларға жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді деп сенемін, – деді Назгүл Бекарысқызы. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал белсенділік танытқан барлық қатысушыларға 31775 әскери бөлім командирінің атынан алғыс хаттар табысталды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға, жеңіске деген ұмтылысын арттыруға және жаңа достық қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай жарыстар жалғасын табады деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Заңның бастау бұлағы - ҚазҰУ

Бей Ақп 13 , 2025
Оқылды: 128 Жаһандану заманында адам құқықтары мен бостандығын қорғау басты нысанаға алынған десек, оған Шерxан Мұртазаның «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» дегенін қосыңыз. Демек, адам өмірінде заңның арқалар жүгі жеңіл емес. Осы салада үздіксіз білім беріп жүрген білім ордаларының бірі де бірегейі Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті. […]