ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Алматыдағы ҚҰАЗУ студенттер кезінде жеке меншікке өтіп кеткен университеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақхананы, стадионды, жер учаскелерін мемлекетке қайтаруды талап етіп  жатыр.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев студент жастармен кездесуі сәтінде жастар білім ордасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін жәйып салды.

«Біздің бүгінгі мақсатымыз – оқытушылар мен студенттер арасында қандай да бір сыбайластық көріністерінің болуына жол бермеу, жастарды жемқорлыққа төзбеуге шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сол арқылы оқу процесінің сапасын көтеруге ықпал ету. Осыған байланысты, университет басшылығы мен студенттер арасында әріптестік сенімді байланыс орнату үшін жастармен ашық диалогқа келіп отырмын», – деді Ақылбек Қажығұлұлы.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы ұшынан жалғасқан сыбайластық қоғамның жауы екені белгілі. Неге десеңіз, ертең елге қызмет ететін болашақ мамандарды тәрбиелеп, даярлайтын саналы оқытушыларды жемқор ретінде елестетудің өзі қиын.

Өкінішке қарай, кездесу барысында студенттер университет қабырғасында пара алуға бейім жандар бар екенін, сабаққа келмесе де жоғары балл алатын білім алушылардың аз еместігін, грант бөлуде кейбір оқытушылардың әділетсіздікке баратынын жасырмай жәйып салған. 

Студенттер жаңадан тағайындалған ректорға, сыбайлас жемқорлық фактілері төмендегідей жағдайларда ұшырайтындығын да ашына баяндаған. Мысалы: студенттер себепсіз сабақтан қалғанда, аралық бақылау немесе пәндік жұмыстарды қолмен жазып тапсыру кезінде, емтихандарды қайта тапсыру сәтінде, курстық жұмыстарды қорғауда оқытушымен жеке немесе бетпе-бет қалғанда жиі кездесетінін баяндаған. 

Студенттер сыбайлас жемқорлықтың тағы біраз нақты фактілерін атап өтті. 

Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен университеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақхананы, стадионды, жер учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтеріп, талап етіп отыр.  

Жастар өздерімен осындай ашық алаңды ұйымдастырған университет басшылығына ризашылықтарын білдірді. Жастардың ой-пікірлеріне құлақ түрген, Ақылбек Күрішбаев олардың сауалдарына мейілінше шынайы жауап беріп, кейбір жағдайаттарға өзінің де әлі түсіне алмай отырғанын жасырмады.  

Ректор Күрішбаев, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы ашықтық пен өзара сенім, адалдық қағидаттарына негізделген байланыстарды барынша нығайту мақсатында проректорлар мен тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру»,- деген сөзді басшылыққа алған ректор, ендігі жерде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде заң бұзушылықтарды болдырмауға күш салатынын жеткізді.   

«Жемқорлықсыз әділетті университет құру – біздің де түпкі мақсатымыз. Бүгінгідей өзара сенімге негізделген шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортақ қозғалыстың негізі болып табылады. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы университет бағдарламасын қабылдайтын боламыз», – деді Ақылбек Күрішбаев сөз соңында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Шанлыурфа-ислам елдері арасындағы «2023 туризм қаласы" аталды

Жек Қаң 29 , 2023
Оқылды: 786 Аймақта ашылған соңғы археологиялық жаңалықтардың арқасында бүкіл әлемнің назарына іліккен Шанлыурфа Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 11-ші Туризм министрлері конференциясында «2023 туризм қаласы» деген шешім қабылданды.  Жер шарының 57 мемлекетінен құралған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының таңдауын тойлау үшін Шанлыурфа халықаралық халал көрмесі, Ислам әлемі ғалымдары симпозиумы және Ислам әлемін жақындастыратын саяхат […]