Автокөлік мұз астына түсіп кетті

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. 

Наурыздың 26- күні сағат 21:20-да Қ. Сәтбаев атындағы каналда 4 адамы бар автокөлік мұз астына түсіп кетті. Бұл оқиға Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Молодежный кентінен 40 шақырым жерде болған. Екі ер адам өздігінен судан шыққан. Ал, қалған екі ер адамды іздестіруге ТЖ департаменті бөлімшелерінің күштері жұмылдырылды. 27-наурызда сағат 10:51-де 1985 және 1982 ж. т. қайтыс болғандардың мәйіті табылды және судан шығарылды.


Қарағанды облысының ТЖД ескертеді!
Су айдындарында көктемгі мұз жамылғысы берік емес. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет!
Көктемгі мұздың қаупін түсіндіру мақсатында ТЖ департаменті жергілікті полиция қызметімен бірлесе су қоймаларында профилактикалық тексерістер жүргізіп жатыр. Үгіт-насиxат жұмыстары барысында балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері де түсіндірілуде. Биылғы маусымда барлығы 200 рейд пен 600-ден астам патрульдеу шаралары жүргізілді.
Құтқарушылар еске салады!
– Мұз бетіне шықпаңыздар!
– Мұз бетіне көлікпен шықпаңыздар!
– Мұз жұқа болғандықтан балық аулаудан бас тартыңыз!
– Жарық, ойық жерлерге жоламаңыздар!
– Балалардың өз бетерінше өзен, көл, су қоймаларына баруына жол бермеңіз!
Барлық оқиғалар мен ТЖ туралы 112 немесе ‪8(7212) 43-36-36‬, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ювеналды соттың жаңа келбеті

Жұм Нау 27 , 2020
Оқылды: 1  312 Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қарағанды қаласы ювеналды сотының жаңа келбеті Бүгін Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен сот алқаларының төрағалары Қарағанды қаласының ювеналды сотында болды. Сот ғимараты Қарағанды қаласының көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Таяуда сот […]