Ювеналды соттың жаңа келбеті

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Қарағанды қаласы ювеналды сотының жаңа келбеті
Бүгін Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен сот алқаларының төрағалары Қарағанды қаласының ювеналды сотында болды. Сот ғимараты Қарағанды қаласының көрікті жерлерінің бірі болып табылады.
Таяуда сот ғимаратында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, яғни бұл жұмыстар сот процестерінің қатысушыларына және де ең алдымен балаларға жағымды және қолайлы жағдайлар туғызу үшін жасалды.
Соттар әкімшісі Б.Нұрпейісов және «Альтаир» ЖШС мердігерлік ұйымның өкілдері орындалған жұмыс көлемі туралы және жұмысшылар мен қонақтарға қолайлы жағдайлар жасалғаны туралы басшылыққа есеп берді.
Ғимараттың бірінші қабатында үлкен кеңсе-офисі, сот отырысы өткізілетін үш зал және конвой қызметі, ал екінші қабатта судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыс орындары орналасқан.
Сонымен қатар, үшінші қабатқа ерекше назар аударылып, қазір онда медиатор және психологпен кездесетін арнайы холл бар. Заманауи татуласу орталығы келіссөздерді нәтижелі жүргізуге мүмкіндік беретін стильде безендірілген.
Психологиялық көмек орталығы қабылданған ұсыныстарға сәйкес жасалған. Бұл үлкен жарық бөлме және ондағы ойыншықтар бірден балаларды қызықтырып, көңіл күйін көтереді.


Психологиялық денсаулық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, балалар психологына кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жайлы, сенімді атмосфера, сондай-ақ үшінші қабатта ең кішкентай келушілерге арналған балалар дәретханасы жасалды.
Сондай-ақ, үшінші қабатта прокурорлар мен адвокаттарға арналған бөлмелер бар.
Медиация және психологиялық орталығы заңгерге, психологқа, медиаторға, даудағы отбасыларға және балалары бар ата-аналарға жоғары деңгейде көмек көрсетуге ықпал ететін барлық қажетті әдістемелік құжаттармен және ақпараттармен жабдықталған.
Облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов қысқа мерзім ішінде атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, биыл облыс соттарын жабдықтауға және келушілер мен қызметкерлерге қолайлы жағдайлар жасау жұмыстары жалғасатынын айтты.

https://m.facebook.com/100014925823690/posts/pcb.805590073281846/?photo_id=805589429948577&mds=%2Fphotos%2Fviewer%2F%3Fphotoset_token%3Dpcb.805590073281846%26photo%3D805589429948577%26profileid%3D100004232820397%26source%3D48%26refid%3D52%26__tn__%3DEH-R%26cached_data%3Dtrue%26ftid%3D&mdp=1&mdf=1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әннің де естісі бар, есері бар

Сен Нау 28 , 2020
Оқылды: 1  211 АМАНХАН ӘЛІМ Ақын. «Ақиқат» журналының бас редакторы.  «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. РОК-МУЗЫКА, ШОУ БИЗНЕС, ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ (ойтоғыс)  http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Жалпы рок-музыка, шоу-бизнес – ешқандай заңмен қудаланбайтын, ешкім тыйым салмайтын «есірткінің» бір түрі. Мұндай […]