30-сәуір, сағат 11:00 де астаналық саябақта (Панфилов көш. ТК «Городской Романс») Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға жаппай ағаш отырғызылады. Салтанат Рахымбекова атындағы аллеяны оның серіктестері мен пікірлестері, шәкірттері есімін мәңгі есте сақтау және оның азаматтық қоғамды, «жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында 2020-жылдың қазан айында […]

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Қазақстандағы демократиялық институттар» тақырыбындағы инфографика жұмыстарына конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес, сайлау, жұртшылықтың қатысуымен өтетін консультативтік жиналыстар, референдум, Парламент/мәслихат құрылымы мен жұмысы, заң шығару, жергілікті өзін-өзі басқару немесе басқа да демократиялық институтқа азаматтардың қатысуын инфографика арқылы жеткізу қажет. Үздік үш инфографикалық жұмыстың авторлары ақшалай сыйлық алады: Жүлделер: […]

Зағип және нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапханада көзі көрмейтін әуесқой авторлардың (ақындар) «Шесть точек вдохновения» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Кітапты құрастырып, басып шығаруға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Зағип және нашар көретіндер Мәдениет үйі бастамашылық етті. Кітапқа Қарағанды, Теміртау, Абай, Нұра ауданындағы Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдың […]

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріледі. Алайда, мектеп директорларының жалақысы 2015 жылғы деңгейде қалды. Елордалық депутаттың айтуынша, бұл мәселе тез арада шешімін таппаса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көбеюі мүмкін. Аталған мәселені Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаев елордалық білім басқармасының басшылығымен кездесу […]

Елімізде заң шығару қызметі сапасы деңгейінің төмендеуінен бөлек, ерекше қауіпті мәселелердің бірі – ғылыми мектеп сабақтастығын қалыптастыра алмау. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамытудың және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді. Халықаралық конференция барысында Басқарма төрағасы академиялық […]

Елімізде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша мақалаларын танымал халықаралық журналдарда жариялай алатын PhD докторанттары жоқ. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамыту мен заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты. Басқарма Төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде Scopus мәліметтер базасында […]

Елордалық университетте «Readability of Law» жобасы басталды. Аталған жоба аясында университет профессорлары ҚР күшіндегі заңдардың түсінікті және оқуға ыңғайлылығы бойынша проблемаларды зерттейді. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев халықаралық конференция барысында айтты. «Өзбекстанда заң ғылымын дамыту және заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» тықырыбындағы ғылыми-практикалық […]

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың сарбаздары Кадет сыныбының оқушыларына «Ерлік сабағын» өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар мен әскери қызметшілер батырлардың кемеңгерлігі, батылдығы және патриотизм туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отанды сүйгіштікке, елді құрметтеуге баулу болып табылады. – Болашақ дәл бүгінен басталады. Ал, төл тарихымызды […]

Қарағанды ​​гарнизонында сарбаздар арасындағы, зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталған «Әскери антқа адал бол» әскери тәртібі мен заңдылықты нығайту онкүндігі аяқталды. Гарнизонның барлық әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы құқықтық актілерді, сондай-ақ жеке құрамды жасырын сұрастыру арқылы әлеуметтік сауалнамалар енгізе отырып, профилактикалық әңгімелер мен сабақтар жүргізілді. – […]

Қарағанды ​​облысынан шамамен 1200-ге жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.  Қарағанды ​​облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне баратын әскери командаларды жасақтау үстінде. – Қазіргі уақытта Қарағанды ​​облысында Қарулы Күштер қатарына 300-ге жуық әскери қызметші шақырылды. Барлығы 2021 жылдың маусым айының соңына дейін Қарағанды ​​облысынан 1200-ден астам азаматты […]