Жылы лебізді кездесу

Еліміздің Қарулы күштерінің қатарына жаңадан шақырылған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жас сарбаздары Приозерск гарнизонынан зейнеткерлікке шыққан Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерімен кездесті.

Жас сарбаздармен жылы жүзді кездесуді ұйымдастырған Приозерск гарнизоны Қарулы күштер ардагерлері филиалының төрағасы Кенжебеков Тілек Алшымбекұлы болатын. Кездесуді 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы майор Чебиков Бірлік ашып берді.

         Жас сарбаздардың ардақты ардагерлермен кездесудің кіріспесі «Менің Республикам – Қазақстан!» атты ерлік сабағына арналды. Аталған ерлік сабағының шымылдығын ашқан ардагерТілек Кенжебеков барлық Қарулы күштердің ардагерлері атынан жас сарбаздарды 25 қазан – Республика күнімен құттықтады.

«Биыл Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керек» – деп, атап айтқан еді. Біз үшін25 қазан – Республика күні болып белгіленуі құптарлық шешім. Осы айтулы мереке күні Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға жігер беріп, олардың бойындағы отаншыл сезімді арттыра түсетіндігі сөзсіз» – деп, ой түйді ардагерТілек Кенжебеков.

         Жас сарбаздармен кездесуге арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагері, запастағы подполковник Крупский Валерий Викторович жас сарбаздарға өзінің ерлік жолын жеткізсе, Қарулы күштер ардагері, Приозерск гарнизонындағы Әскери полиция бөлімін ең алғаш басқарған запастағы подполковник Шатыбеков Болат Турсумбекұлы қызмет атқарған жылдардағы сарбаздардың құқығын қорғау жолындағы атқарған жұмыстарын баяндап берді.

Кездесу барысында қазан айында егеменді еліміздің айбынды армиясының құрылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан генерал-майор Мартынов Александр Алексеевич 75 жасқа келуі, көп жылдары Қарулы күштердің қатарында басшылық қызметтерді атқарған, Ауған соғысының ардагері, генерал-полковник Жасұзақов Сәкен Әділханұлы, бірқатар әскери жоғары лауазымдық қызметтерді абыроймен атқарған генерал-лейтенант Дарбеков Болат Керімжанұлы және ел әскерінің қару-жарақ қызметі саласында қызмет еткен, сонымен қатар әскери қызметшілердің құқығын қорғау ісіндегі Әскери полиция қызметінің алға басуына зор үлес қосқан генерал-майор Хакимов Шамиль Рафакович мерейлі 65 жасқа толатыны жеткізілді. Осы тұрғыда жаңадан қатарға қосылған жас сарбаздарға мерейтой иелерінің өмірбаяндары мен Отан алдындағы қалтықсыз қызметтегі сіңірген еңбектері жеткізілді.

Жылы жүзді кездесу ашық, сондай-ақ алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі жеткен інілер деңгейіндегі пікір алмасқан жағдайда өткізілді жәнежас сарбаздардың Отан алдындағы алдағы қызметтеріне зор табыстар тілеп, әр кез Әскери антқа адал болу керектігін жеткізді.

Кездесу соңынан жас сарбаздар Қарулы күштердің ардагерлерімен естелік фотосуретке түсті.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Лейтенант Думан Жұмашұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Отанға қызмет етемін

Сәр Қар 2 , 2022
Оқылды: 670 Кешегі өткен Ұлы Отан соғысының майдан даласында гитлерлік неміс басқыншыларына қарсы талай ұрыстарды басқарған даңқты қолбасшы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «….Олай болса, ұрысты басқара білу дегеніміз – демек, атысты басқару, траекториялармен, ептілікпен маневр жасау, дұшпанның төбесінен бас көтертпей атып, оны жерге, окоптары мен орларының түбіне тығып жіберу, бетін […]