Бүгін халықаралық музей күні. Осыған орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде ашық есік күні өтті. Бұл шараға қатысқан әскери саланың мамандары, тарихтан сыр тарқатқан туындыларды тамашалап, мерекелік кешке қатысты. Қарағанды гарнизоны, әскери полиция бөлімінің мамандары мен облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері «Музей күнін» атап өтті. Халықаралық музей күніне арналған […]

Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың жеке құрамы жаңа келген сарбаздармен толықты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген сарбаздар бір ай мерзімнен кейін салтанатты түрде ант беріп, заңды түрде қатардағы жауынгерлер сапына қабылданады. 31775 әскери бөліміне Павлодар облысынан келген 29 сарбаз бір бөлімге жиналды. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге келген азаматтарға, командирлер әскерде төзімді, […]

Клиенттердің өтініші бойынша Halyk Bank тағы да Алматыдағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерді ұтысқа қосты. Банк клиенттері, яғни ұтыс ойынына қатысушылар атаулы тұрғын үй кешеніндегі жеті жаңа пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Ұтыс ойыны 2021 жылғы 11 мамырдан бастап 20 желтоқсанға дейін өткізіледі. – Былтыр ұйымдастырған науқан […]

Қазақстандық әзірлеменің арқасында зағип жандар тек қазақ тілін ғана емес, шет тілдерін де оқып үйрене алады. Жақында «SEZUAL» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өзінің жаңа өнертабысын — зағип жандарға арналған қазақ тіліндегі Брайль өздігінен үйреткішті шрифтын ұсынды. Жаңа құрылғы туралы  «SEZUAL» маркетинг-менеджері Нұрбек Еңсебаев айтып берді. Бүгінгі таңда Қазақстанда зағиптардың сауаттылығы мәселесі […]

Қарағанды гарнизоны әскери автомобиль полиция бөлімшесінің қызметкерлері механикалық көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы айлық іс-шараларды ұйымдастырып, қосымша дәрістер өткізді.    Техникалық тексерудің негізгі міндеті – жол қозғалысына қатысты әскери көлік құралдарының жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау. Автокөліктерді техникалық тексеру барысында, негізгі өлшемдерге айрықша мән берілді. Атап айтқанда […]

«Жауынгер» әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды Қарағанды гарнизонында дәстүрлі әскери-патриоттық әндер  байқауы өз мәресіне жетті. Іс-шара 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, сонымен қатар, әскери мамандықтар беделін насихаттау, әскери қызметкерлердің шығармашылық қырынан таныту. Байқау бірнеше жылдар бойы әскери-патриоттық әндердің орындаушылары […]

SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді. Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банктердің […]

Қарағанды қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай «Жауынгерлік даңқ» лентасының тұсаукесері болып өтті. Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының                                              бастамасымен Қазақ халқының […]

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының жастары мен 9-11 сынып оқушылары үшін ашық есік күнің өткізді. «Астана» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында бас қосқан «Ю.Н.Павлов атындағы №33 орта мектептің оқушылары бұл іс-шараға өз ризашылығын білдірді. 7-8 сынып оқушылары «Жас сарбаздықтар» қару-жарақ пен әскери […]

Ауған соғысының ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы отставкадағы полковник Аманкелді Жантасов  оқушылармен «Әскери патриоттық айлық» аясында онлайн кездесуі өтті.     Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың бойына ерлік, отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау. Дөңгелек үстел барысында Кеңес Үкіметі кезінде аты аңызға айналған Борис Керімбаев туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға ел батыры жөнінде мағлұмат айтылды. Өз […]